Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар Ұрпақтар  үндестігі
Ұрпақтар  үндестігі

Шарбақты аудандық  білім қызметкерлерінің  кәсіподақ  ұйымының төрайымы Айгүл Сыздықова Набиқызы және  аудандық  педагог ардагерлер  Кеңесінің  төрайымы Үміт Жармакина Қайеркеновнаның  ұйымдастыруымен  2019 жылы 14 мамыр күні «Радуга» мектептен тыс жұмыстар орталығында  ардагер  ұстаздар мен жас мамандар арасында «Тәлімгер  және ұстаз» атты зияткерлік сайыс өткізілді.

Бұл сайыстың мақсаты: аға буын өкілдері мен жастар арасындағы  айырмашылықты, яғни олардың  көзқарастарын, түсініктерін анықтау. Кейінгі ұрпақ өкілдері классикаға, тарихқа, мәдениет  пен дәстүрге тереңірек үңіледі. Ал аға буын өкілдері керісінше  қазіргі заман ағымынан еш қалыспайтынын дәлелдейді.Сайыс  бес кезең бойынша  өткізілді:1- кезең: Сұрақ-жауап.                               2- кезең: Көрейік – тыңдайық  3- кезең: Рас  пен  жалған.  4-кезең: Мақал-мәтелдер. 5- кезең: Караоке. 

Сайысқа екі команда қатысты.  Аға буын өкілдерінен:  Жұмабике Оралбайқызы Әлімбекова (Шегірен ауылы), Гүлнар Тағатқызы Сыздықова (Жаңа-ауыл  ауылы), Зәуреш Қайдарқызы Жүнісова(Жылыбұлақ  ауылы). Жастардан : Гүлжанат Қайыржанқызы Нұрсейітова (Арбиген мектебі), Әсем Төребекқызы Смайылова (Абай мектебі), Айман Серікханқызы  Серікхан («Балдәурен» балабақшасы).     

Сайыс басынан аяғына дейін тартымды, әрі  қызықты өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша  97  ұпаймен  аға буын өкілдерінің командасы 1 –ші орын, жастар командасы 85 ұпаймен 2-ші орынға ие болды.Командалардың барлық  мүшелері  дипломмен марапатталып, бағалы сыйлықтар берілді. 

Осы  сайысты өткізуге қолдау көрсеткенШарбақты аудандық  білім қызметкерлерінің  кәсіподақ  ұйымының төрайымы  Айгүл Сыздықова Набиқызы  және «Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығының директор міндетін  атқарушы Қабдырашит  Қайырханов  Алтайұлына  алғысымызды  айтамыз.

 

Шарбақты аудандық  педагог                                                         

ардагерлер  кеңесінің  төрайымы                        

Ү.Қ.Жармакина

 

16 Мамыр 2019 ж.