Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар Семинар: «Білім беру мекемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау».
Семинар: «Білім беру мекемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау».

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптікодағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша семинар өткізді.  Семинар жұмысына салалық кәсіподақтың бас маманы, техникалық еңбек инспекторы Әлиев Батыр Әлиұлы, қоғамдық бірлестіктің ішкі құрылымына кіретін филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар қатысты.

Семинардың модераторы Г. А. Науразбаева облыстық кәсіподақ ұйымы қызметінің негізгі бағыттарының бірі Білім және ғылым саласындағы ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, жұмыс берушілердің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауы, өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурушаңдықты төмендету болып табылатынын атап өтті.

Семинардың басында салтанатты түрде «Еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспектор» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды, ол 2019 жылғы 14 ақпан мен 14 наурыз аралығында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ бастамасымен өтті.

«Еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспектор» облыстық байқауының қорытындысы бойынша қалалардан кейін құрметті 3 орынға «Шарбақты ауданының Сосновка жалпы орта білім беру мектебі» КММ техникалық инспекторы Белова Наталья Николаевна ие болды. Наталья Николаевна Сосновка орта мектебінде кәсіподақ еңбегін қорғау бойынша барлық жұмысты, жұмыс орындарында еңбек жағдайын және еңбекті қорғауды бақылау бойынша ұйымдастырылған пәрменді жұмысты тиісті деңгейде көрсетті.

Қызметкерлердің еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, техникалық инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру, кәсіподақ комитеті мен өндірістік кеңестердің өзара іс-қимылы бойынша жұмыс тәжірибесімен «2018 жылғы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспекторы»республикалық байқауының лауреаты, Шарбақты ауданының №2 НМ-нің еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторы Кривцун Сергей Николаевич бөлісті.

Жеңімпаздар облыстық кәсіподақ ұйымының дипломдарымен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

 

 

Шарбақты аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы

А. Н. Сыздықова

 

07 Сәуір 2019 ж.