Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар Шарбақты ауданында білім қызметкерлерінің XVIII жазғы спартакиадасы өтті.
Шарбақты ауданында білім қызметкерлерінің XVIII жазғы спартакиадасы өтті.

Шарбақты аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы көктемгі каникул мерзімінде, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, білім беру қызметкерлерін жүйелі түрде дене шынықтыру мәдениетімен және спортпен айналысуға шақыру, білім беру ұжымы арасында спорттық достықтарын нығайту, жарыста мықты деген спортшыларды және командаларды анықтау мақсатында, Жастар жылына арналған білім беру қызметкерлері арасында аудандық кәсіподақтық ХVIII жазғы спартакиадасын өткізді. Ауданның 31алғашқы кәсіподақ ұйымдарынан 341 білім беру қызметкерлері қатысты.

Спартакиаданыңашылу салтанатындаАбай мектебінің оқушылары қатысушылардың назарына флешмоб биін сыйлады. Командалардың жақсы көңіл күйін бірегей форма, эмблема және ұран көрсетіп тұрды.

Барлық спорт станцияларында басшылық төрешілер алқасына жүктелді. Жарыс спорттың 4 түрі: волейбол, тоғыз-құмалақ, шахмат және үстел тенисі бойынша Шарбақты ауданының Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебінде өткізілді. Түскі дәмді асты спартакиадаға қатысушылар Аграрлық-техникалық колледжінің асханасында тамақтанды.

Бұқаралық спорт мерекесі басынан аяғына дейін жарқын, көңілді және эмоциялық-әсерлі болды, жеңіске деген күреспен сүйемелденіп отырды.

Жалпы командалық есепте 3 жыл қатар Сосновка ЖОББМ командасы ауыспалы Кәсіподақ Кубогын өз қоржындарына салғандықтан. спартакиаданың Ережесіне сәйкес Кубок осы мектеп ұжымында қалды. Екінші орынды Красиловка ЖОББМ командасы иеленсе, жарыс есебінің үшінші орнында Александровка ЖОББМ командасы.

Командалық ауызбірлік волейбол ойынында әсіресе айқын көрінді.Командалар бірінші сәттен  соңғы минутына дейін ешқандай команда қарсыластарына жеңісті бергілері келмеді. Бірінші болу ұмтылысында кейбір қатысушылар таң қалдырса да, соңында ұжымдық рух жеңіп шықты.Сосновка ЖОББМ командасының ойыншылары волейболда «алтын», Красиловка ЖОББМ – «күміс», Жаңа-ауыл ЖОББМ – «қола» иеленді.

Жеке біріншілікте жоғары спорттық жетістіктерді үстел тенисі бойыншакөрсетті:

1-орын Алексеевка ЖОББМ мұғалімі – Н.А.Кисамиденов және Сосновка ЖОББМ мұғалімі – Е.Н. Баскаль;

2-орын Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ мұғалімі-Н.Н. Кисамиденовжәне Жаңа-ауыл ЖОББМ мұғалімі-З.С.Макишева;

3-орын Сосновка ЖОББМ мұғалімі – А.К.Шапулин және Александровка ЖОББМ мұғалімі – Н.Е. Нукина;

Шахмат бойынша жеңімпаздар:

1-орын Хмельницкий ЖОББМ мұғалімі – Б.К. Айдарханов және Жылыбұлақ ЖНББМмұғалімі –Ж.Б.Сыздықова;

2-орын Галкино ЖОББМ мұғалімі – Е.Қ.Уздембаев және Сосновка ЖОББМ мұғалімі- А.Ламия;

3-орын ЖНББМ №2 мұғалімі – Н.А. Гегержәне Қарабидай  ЖНББМ техперпонал қызметін атқарушы – И.Ф.Штерц;

Тоғыз-құмалақ бойынша аудан жеңімпаздары:

1-орын Арбиген ЖОББМ мұғалімі – Г.О.Есжанов жәнеСосновка ЖОББМ спорт бойынша жаттықтырушысы – У.Б.Темиржанова;

Есілбай ЖОББМ мұғалімі-М.Қ.Танжанова;

2-орын Балдаурен бала-бақшасының электр пешінің операторы Е.Қ. Қайырбаев және Красиловка ЖОББМ мұғалімі – А.Ж. Тлеубердина;

3-орын  Есілбай ЖОББМ мұғалімі – Б.М.Тобыктинов және Жылыбұлақ ЖНББМ техникалық қызметкері – Г.А.Рамазанова;

Жеке біріншіліктің жеңімпаздары грамотамен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Спартакиаданың жабылуында Сосновка ЖОББМ директоры Г.М. Букенова спортшылардың атынан ұйымдастырушыларға жақсы ұйымастырылған іс-шара үшін алғысын білдірді.

Аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподағы өз тарапынан төрешілер алқасына алғысын білдіреді: 1 санаттағы төреші, бас төреші - Амангелді Садвакасович Бейсекеновке, волейбол бойынша төреші – Алимбаев Марат Зейнуллиновичке, тоғыз-құмалақ бойынша төреші – Берлян Рашитович Қакеновке, шахмат бойынша төреші – Ерболат Қайыртасович Уздембаевқа, үстел тенисі бойынша төреші – Қанатбек Ерсаинович Нукинге.

 

А.Н. Сыздыкова  - Шарбақты аудандықбілім қызметкерлерінің

кәсіподақ ұйымының төрайымы

 

12 Сәуір 2019 ж.