Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар Онлайн семинар  
Онлайн семинар  

 

IMG-20200522-WA0021-2-300x225

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы үстіміздегі жылғы мамырдың 22-де «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы мен мемлекеттік тілді сапалы оқыту жолдары» тақырыбында  мемлекеттік қызметшілері,  іс жүргізуші мен редактор - аудармашыларға арналған ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн - семинар өткізді.  Семинарға Шарбақты ауданнан  50 адам қамтылды.

Семинардың бірінші бөлігінде  Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры филология ғылымдарының докторы Бекен Сағындықұлы аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы жайында теориялық дәріс оқып, сөз сонында  латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиіне тоқталды.

Екінші бөлігінде Павлодар облысы  "Ана тілі" оқыту орталығының директоры, онлайн оқыту мобилді қосымшасының авторы  Кинжикова Шолпан Духтурбайқызы мемлекеттік тілді сапалы оқыту жолдары  мәселесін қозғап, практикалық дәріс өткізді. 

Семинарға қатысушылар онлайн оқыту қосымшасы арқылы тапсырмалар орындап, өз білімдерін шыңдады.  

 

Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі

 

 

28 Мамыр 2020 ж.