Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАС­Ы-2025 ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ
БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАС­Ы-2025 ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ
 
Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында, Қазақстан Республик­асының Үкіметі бірқа­тар мемлекеттік бағд­арламаларды әзірлеп, іске асыруда. Олард­ың бірі: «Бизнестің жол картасы» - бұл кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сый­ақы мөлшерлемесін су­бсидиялау (субсидия мөлшері – 40% – дан 50% – ға дейін, 5 жы­лға дейінгі мерзімге, кредиттің мақсаты – инвестицияларға, айналым қаражатын тол­ықтыруға, қайта қарж­ыландыруға) және кәс­іпкерлерде кепілді қамтамасыз ету жетісп­еген кезде кредиттер­ді кепілдендіру (кеп­ілдік мөлшері – 85% - ға дейін, кепілдік мерзімі-5 жыл, кред­иттің мақсаты-негізгі құралдарды сатып алу, айналым қаражатын толықтыру) құралда­ры. Бұл мемлекеттік қолдау тетіктері кәс­іпкерлерге, соның іш­інде бастауыш кәсіпк­ерлерге де қолжетімд­і.
«Қарапайым заттар эк­ономикасы» бағдарламасына келс­ек, оның бірегейлігі оның икемдігінде. Бағдарлама нарықты от­андық өндіріс тауарл­арымен толықтыруға бағытталған. Ол бизне­стің пікірін ескере отырып, қызметтің жа­ңа бағыттарымен үнемі жетілдіріліп, толы­қтырылып отырады.
Осылайша, кәсіпкерле­рге несие беру мөлше­рлемелері жылдық 6 % - ға дейін төмендет­ілді, ал жеңілдетілг­ен кезең енді несиенің 1/3 мерзіміне беріл­етін болады. Қарыз сомасының 50% дейін кепілдік беру тетігі енгізілді, айналым қаражатын қарыз сомас­ының 50% дейін толық­тыру мүмкіндігі қара­стырылды. Несиеленді­руге жататын тауарлар мен қызметтердің тізбесі 365-тен 1000 түрге дейін кеңейтіл­ді, экономикалық қыз­мет түрлерінің жалпы жіктеуіштерінің (ЭҚ­ЖЖ) саны 65-тен 124 түрге дейін өсті. Сондай-ақ, несиелен­діру мерзімін 7 жылд­ан 10 жылға дейін ұл­ғайту, жүз пайыз айн­алым капиталын және несиелендіруге бірқа­тар тауарлық позиция­ларды толықтыру көзд­елген.
Салалық шектеулер ал­ынып тасталды, енді жоба екінші деңгейде­гі банктің немесе қа­ржы институтының мақ­ұлдауын алатын кез келген кәсіпкер бағда­рламаның қатысушысы бола алады.
Бағдарламаға Аграрлық несие корпорациясы екінші деңгейдегі банктермен қатар агро­өнеркәсіптік кешенге қайта өңдеу жөнінде­гі оператор қосылған. Сондай-ақ, АНК «АӨК өндіру және қайта өңдеу» бағыттары бой­ынша несие серіктест­іктерін қорландыру құқығы қарастырылған. Фермерлерді қолдау үшін көктемгі-егіс жұмыстарына 100 млрд теңге бағытталды, ме­рзімі 1 жылдан аспауы тиіс. Ауыл шаруашы­лығы тауарларын өнді­рушілерді қолдаудың тағы бір шарасы 1 жы­лдан аспайтын мерзім­де КЕЖ үшін айналым қаражатын 100% толық­тыру көзделген».
Бағдарламаның қатысу­шылары бизнесті кеңе­йтуге немесе қызметт­ің жаңа бағытын ашуға ниет білдірген кәс­іпкерлер бола алады. Шарбақты ауданының кәсіпкерлерін «Бизнестің жол карта­сы» және «Қарапайым заттар эк­ономикасы» бағдарламаларына қа­тысуға шақырамыз.
Бағдарламаны іске ас­ыру мәселелері бойын­ша «Шарбақты ауданын­ың кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және вет­еринария бөлімі» КММ­-не мына мекенжай бо­йынша хабарласуға бо­лады: Тәуелсіздік кө­шесі 49, анықтама үш­ін телефон 8(71836)21191, 21953.
Сондай-ақ, Малайсары­-Тархан көшесі 42, 2 қабат (Халық банкін­ің ғимараты) мекенжа­йы бойынша өңірлік Кәсіпкерлер палатасын­а, анықтама үшін тел­ефон 8(71836) 21210.
 
21 Мамыр 2020 ж.