Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар «ӘКЕСІНІҢ ІЗІМЕН»  
«ӘКЕСІНІҢ ІЗІМЕН»  

 

image-15-05-20-12-47-2

Халықаралық отбасы күнін мерекелеу күні Сергей Андреевич Бидненконың отбасын атап өткіміз келеді, ол әкісінің ізін басып өртке қарсы қызметіне жұмыс істеуге келді. Қазіргі кезде С.А. Бидненко әкесі Андрей Павлович Бидненко бөлімше командирі қызметінде 24 жылдан астам қызмет ететін, Шарбақты ауданын қоғау бойынша №7 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші болып жұмыс істейді.

Сергей 31.12.1995 жылы Шарбақты ауылында туған, 2000 жылдан 2010 жылға дейін №2 негізгі мектепте оқыған, 2013 жылы№ 22 Аграрлық-техникалық колледжді«аспаз» мамандығы бойынша аяқтады. 2014-2015 жылдар аралығында Қарағанды қаласында, ҚР ТЖМ №52859 бөлімінде әскери қызметін атқарды. Одан кейін 2016 жылдан 2017 жылға дейін Шарбақты ауылының №1 ОЖББМ азпазшы мамандығы бойынша жұмыс істеді. Ал 2018 жылдан бастап қазіргі күнге дейін №7 өрт сөндіру бөліміндеөрт сөндіруші лауазымында қызмет атқарады.

Сергей әкесінің үлгісі бойынша өрт сөндіру бөліміне жұмысқа орналасты, міне 2 жылдан астам өрт сөндіруші-сарбаз болып жұмыс істейді. Осы мамандықты таңдау туралы: Сергей мәжбүрмен келген жоқ – өрт сөндіру бөлімі балалық шақтан бастап ол үшін екінші үй болып табылды. Әкесі олар үшін әрқашан батыр болды – апатпен шайқас, романтика... Әрине, енді, бұл жұмыстың қандай қиын екендігін біледі.

Осы күні Бидненко әулетіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт, рух беріктігін тілегіміз келеді! Және жұмыс үшін себептер аз болсын, құтқарылған өмірлер көп, батылдық, ерлік, шыдамдық, күш, тыныштық тілейміз. Жанкешті еңбегі, қарапайымдылығы, каһармандығы, бекзаттығы үшін алғыс айтамыз.

 

15 Мамыр 2020 ж.