Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар мемлекеттік шекара арқылы кіруіне - шығуына шектеу енгізілді
мемлекеттік шекара арқылы кіруіне - шығуына шектеу енгізілді

ппп

2020 жылдың 16 наурызы сағат 08.00-ден бастап төтенше жағдай енгізілуіне байланысты оның қолданылу кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің мемлекеттік шекара арқылы кіруіне - шығуына шектеу енгізіледі", - деп жазылған сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Төмендегі жағдайлардан басқа:

бұрын шет мемлекеттің аумағына шыққан және Қазақстан Республикасына қайтып келетін Қазақстан Республикасының азаматтары;
денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын ұсынып, шетелге емделуге шығатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

осыған дейін Қазақстан Республикасының аумағына кірген және елден шығатын шетелдіктер;

еліміздің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызмет персоналы және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелері;

пойыз және локомотив бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері;
Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал;
шектеулерді енгізгенге дейін (2020 жылғы 16 наурыз сағат 08.00-ге дейін) жолға шыққан және транзиттік жолаушылар пойызымен жолда келе жатқан шетелдіктер;
Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаттары бар шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар); Қазақстан Республикасы азаматының отбасы мүшесі болып табылатын шет ел азаматы (туыстық байланыс фактісі расталған жағдайда – жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары мен балалары). Тараптар азаматтарына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жүгінген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге сәйкес жұмыс істейтін Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы өткізу орындары арқылы жергілікті тұрғындарды өткізу тоқтатыла тұрады.

20 Наурыз 2020 ж.