Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар 53-ші облыстық фестиваль-байқауы
53-ші облыстық фестиваль-байқауы

Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Павлодар қаласында өткен жас музыканттардың 53-ші облыстық фестиваль-байқауына «Хор ұжымдары» номинациясы бойынша Балалар музыка мектебінің хоры қатысты. Қазылар алқасына Павлодар, Екібастұз қалалары және Шарбақты, Железин, Ақтоғай, Баянауыл аудандарынан 7 ұжым конкурстық бағдарламаны ұсынды. Бағдарлама 4 шығармадан тұрды, соның ішінде Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні акапелла (сүйемелдеусіз) түрінде орындалды. Сондай-ақ, қазылар алқасының мүшелерімен хор солистері: Ахметова Дания, Дроздова Василина, Финк Дашаның жақсы орындау өнері атталып өтті.

Педагог Т.И. Окатенко және концертмейстер П.И. Графтың бірлескен жұмысы бағаланып, ұжым 2 орынға ие болды.

IMG_9914

IMG_9942

IMG_9955

 

 
27 Ақпан 2020 ж.