Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар Домбыра кабинетінің ашылуы
Домбыра кабинетінің ашылуы

2019 жылғы 30 қарашада Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Домбыра кабинеті» ашылды.  «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» – деп, қазақтың белгілі ақыны Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлап кеткендей қазақ халқының Жер шарындағы мекендеген басқа ұлт өкілдерінен ерекшелігі, ол – өзінің ұлттық музыкасының болуы. Домбырада асқақтата ән салып, күмбірлете күй төккен өнерпаз халқымыздың асылынан артық, қастерлеп үкі таққан, жалғызындай аялап қақ төріне ілген ең қымбат, ең сүйікті музыкалық аспаптардың бірі – домбыра. Ол - қазақ ұлтының тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін тең бөлісіп, ел басына қатер төнген тұста да көңіліне жұбаныш бола білген алып та, ұлы аспап.  

Ашылу салтанатына Аудан әкімінің орынбасары Негманова Р.А., Аудандық оқу бөлімнің басшысы Итемгенов М.А., ауыл ақсақалдары және құрметті қонақтар қатысты.

1_2

2_1

 

 

02 Желтоқсан 2019 ж.