Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар Кәсіпкерлер құқығын қорғау
Кәсіпкерлер құқығын қорғау

Жуықта Бас прокуратурада бизнесті қорғау бойынша IV-
форум өтті. Форумды ұйымдастырушылардың  қатарында «Атамекен» Ұлттық  кәсіпкерлер палатасы мен «Nur Otan» партиясы бар.Форум аясында өзекті мәселелер талқыланып, соның ішінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне басымдық берілді. Кәсіпкерлер мәселелерін шешу бойынша іс-шараларды қарастыратын 2020 жылға арналған Бизнесті қорғау жөніндегі жол картасына қол қойылды.Осыған байланысты аудан аумағында заңдылықты бұзудың әр фактісі бойынша жедел әрекет ету мақсатында кәсіпкерлердің  құқықтарын қорғау бойынша мобильді топтың жұмысы қайта жанданды.

Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік органдар мен лауазымды
тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтың барлық фактілері
туралы мына мекенжайлар бойынша:Шарбақты ауылы, Абенов көшесі
№58 үй - Шарбақты ауданының прокуратурасы, Малайсары тархан
көшесі №47 үй –«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Шарбақты
аудандық филиалы, сондай-ақ мына телефондар бойынша: 2-15-33,
2-12-10, 87051466352, 87024308919, 87057086255, 87073344539 хабарласуды сұраймыз.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша мобильді топтың құрамы

р/н

Т.А.Ә.

Лауазымы

Мекенжайы

1.

Еркін Кәкенұлы Сейітов

Шарбақты ауданының прокуроры

Шарбақты ауылы, Абенов көшесі, 58

2.

Баян Тортайқызы Омарова

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының  Шарбақты аудандық филиалының директоры

Шарбақты ауылы,

Малайсары тархан көшесі, 47

3.

Айгерім Ерғалиқызы Ахметова

Шарбақты ауданы прокуратурасының прокуроры

Шарбақты ауылы, Абенов көшесі, 58

4.

Ақылбек Ануарбекұлы Қарғаев

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Басқармасының Шарбақты ауданы бойынша статистигі

Шарбақты ауылы, Абенов көшесі, 58

5.

Ажар Тұмарбекқызы Бердікенова

Кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшісі

Шарбақты ауылы,

Малайсары тархан көшесі, 47

   

Шарбақты ауданының прокуроры                    ЕСейітов

 

29 Қараша 2019 ж.