Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар «Үздік аспаз-2019»
«Үздік аспаз-2019»

Бүгін, Шарбақты аграрлық-техникалық колледжінің студенттері арасында «Үздік аспаз-2019» байқауы өтті.

Байқауға 1 және 2 курс студенттері қатысты. Байқау тәжірибелі шебер және арнайы пәндер оқытушысы Иван Вороновтың жетекшілігімен өтті.

Конкурсқа қатысушылардың дағдылары мен іскерліктерін бағалау үшін, біздің колледж түлектері арасынан құзыретті қазылар алқасы құрылды: "Georgia" мейрамханасының бас аспазшысы - Жұмабай Нұржан, "Тамаша" кафесінің аспазының көмекшісі - Киркова Валерия және Павлодар қаласының мейрамханаларында жұмыс тәжірибесі бар, колледж оқытушысы - Рыжий Захар Владимирович.

Сайыс нәтижесінде үшінші орынды Роза Жантасова, екінші орынды Екатерина Емельяненко және Александра Ромина, бірінші орынды Виктория Гербулова иеленді. Байқау жеңімпазы 2019 жылдың желтоқсан айында өтетін «Үздік аспаз-2019» өңірлік конкурсына қатысады.

 

Screenshot_20191121-183737_Instagram

Screenshot_20191121-183754_Instagram

Screenshot_20191121-183810_Instagram

Screenshot_20191121-183839_Instagram

Screenshot_20191121-184000_Instagram

Screenshot_20191121-183942_Instagram

Screenshot_20191121-183910_Instagram

Screenshot_20191121-183926_Instagram

 

21 Қараша 2019 ж.