Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар «Жыр - Маржан» жас ақындар клубы ашылды
«Жыр - Маржан» жас ақындар клубы ашылды

Шарбақты ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің жанында «Жыр - Маржан» жас ақындар клубы ашылды. Шара барысында клубтың атауы ұсынылып, кеңес құрамы мен мүшелері бекітіліп, мақсат пен міндеттері айқындалды.
Клубтың басты мақсаты: көркем әдебиетке жаны жақын жастардың басын біріктіріп, жергілікті ақындар және тіл жанашырлармен тығыз байланыс орнату, атадан балаға мирас болған байлығымыз туған тілге, көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген құштарлығын арттырып, тума - талант, табиғи дарынды анықтап, өлең сөзінің құдіретін түсінуге баулу.
Шараның екінші бөлімі балалар жазушысы «Мұзафар Әлімбаев»атындағы көркемсөз оқуымен жалғасты. Мұнда мектеп оқушылары ұлы тұлғаларға арнап шығарған арнау өлеңдерін оқып, өз өнерлерін ортаға салды.
Жастар жылына орай өткізілген шараға «Нұр - Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің ақ жайлықты әжелеріақындық жолға қадам басап, қанат қағып отырған жастарға шашуымен бірге ақ жол бата тілектерін білдірді.

DSC_0035

21 Қараша 2019 ж.