Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар Олимп шыңына
Олимп шыңына

IMG-20191101-WA0034

29 қазан мен 1 қараша аралығында, Нұр-сұлтан қаласында, балалар музыка мектептерінің, балалар өнер мектептерінің және орта арнаулы музыка мектептерінің оқушылары арасында, музыкалық-теориялық пәндер бойынша VI Республикалық Олимпиада өтті.

Олимпиадаға Балалар музыка мектебінің теориялық пәндер педагогы Жұматаева Динара Қоңырқызының тәрбиеленушісі, 5-сынып оқушысы Төлеген Шакира қатысты.

Шакира «Музыкалық әдебиет» номинациясы бойынша қатысып, «Менің ұлы отандасым» тақырыбы бойынша, біздің жерлесіміз – Әбілов Шахимардан Қайдарұлы туралы айтып берді.

Оның сөз сөйлеуі, мазмұндылығымен, тереңдігімен және бірегейлігімен ерекшеленді.

Олимпиада қорытындысы бойынша Шакира 1-орынға ие болды.

Сондай-ақ, олимпиада аясында, біліктілік деңгейін арттыруға көмектесетін, педагогтар үшін, мастер-класстар мен ашық сабақтар жоспарланды.

01 Қараша 2019 ж.