Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар Шарбақты ауданында Кәсіподақтар күні аталып өтті  
Шарбақты ауданында Кәсіподақтар күні аталып өтті  

 

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні қарсаңында Шарбақты аудандық білім беру қызметкерлерінің комитеті барлық кәсіподақ ардагерлерін құттықтады.

Осы жылы барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарына кәсіподақ күнін өткізу бойынша іс - шаралар жоспары жіберілді, сондай-ақ кәсіподақтың 95-жылдығына арналған білім беру қызметкерлері арасында волейболдан аудандық спорт турнирінің өткізілуі туралы хабарланды.

Сонымен қатар, мереке құрметіне кәсіподақ комитетінің төрағаларына «Кәсіподақ қозғалысының негізгі бағыттары» тақырыбында семинар өткізілді.  Семинарда облыстық жаттықтырушылар К. К. Мұсанова, Г. Б. Сейтахметова, К. Т. Маймакова өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарда ұжымдық дауларды реттеуге қатысу, әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау және қызметкерлердің мүдделерін білдіру, білім беру қызметкерлері еңбеккерлерінің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу, соның ішінде еңбекті қорғау мәселелері бойынша, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру, қызметкерлердің құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау үшін құқықтық инспектордың консультациялары болып табылатын кәсіподақ қызметінің маңызды бағыттары, кәсіподақ мүшелеріне және кәсіподақ ұйымдарына ақпараттық-әдістемелік, консультациялық, құқықтық және қайырымдылық көмек көрсету мәселелері қозғалды.

Семинарда кәсіподақ белсенділері марапатталды.

 

Шарбақты аудандық білім беру қызметкерлерінің

кәсіподақ ұйымының төрайымы  А.Сыздыкова

IMG-20191015-WA0105

IMG-20191015-WA0107

IMG-20191015-WA0109

IMG-20191015-WA0108

 

16 Қазан 2019 ж.