Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар Ашық есік күні өтті
Ашық есік күні өтті

Құтқарушылар күнін мерекелеу аясында, 2019 жылы 11 қазанда Шарбақты ауылының №7 өрт сөндіру бөлімінде гимназиялық сыныптары бар мектептің 10-11 сынып оқушылары үшін Ашық есік күні өтті.
Аталмыш іс-шараның мақсаты болашақ мамандықты таңдаудың маңыздылығын көрсету, жастарды сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарға тарту, сондай-ақ ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсуді өзектендіру болып табылады.
№7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты Досымханов Тілеужан Ерболатұлы балаларға өрт сөндіру машиналары туралы, олардың жабдықталғандығы және техниканың көмегімен жану қалай сөндірілетіні туралы айтып берді. Балалар өрт сөндірушілердің арнайы техникасы қандай техникалық құралдармен жабдықталғанын білді.
Одан әрі қонақтарға өрттің шығу себептері және өртке қалай шығу керектігі көрсетілді, сондай-ақ шағын өртті қандай қолда бар құралдармен сөндіру керектігі көрсетілді. Өрт сөндіру бөлімі бойынша негізгі экскурсиядан кейін, олар өрт сөндіру бөлімінің қызметтік үй-жайларын көрді, қызмет өткеру тәртібімен және өрт сөндірушілердің тұрмысын ұйымдастырумен танысты, балалар «Балалардың отпен ойнауы» дәрісіне шақырылды.
Балаларға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жадынамалар берілді.

IMG_9067-11-10-19-07-34

IMG_9065-11-10-19-07-34

IMG_9062-11-10-19-07-34

IMG_9061-11-10-19-07-34

IMG_9055-11-10-19-07-34

 

 

 

14 Қазан 2019 ж.