Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар Шарбақты ауылында зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік қамсыздандыру және салықтық әкімшілік мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жүргізу тобы болып қайтты   
Шарбақты ауылында зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік қамсыздандыру және салықтық әкімшілік мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жүргізу тобы болып қайтты   

27 қыркүйек күні Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту концепциясы бойынша, Бірыңғай жиынтық төлемнің енгізілуі бойынша, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі мен салықтық әкімшілік бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысымен құзыретті ұйымдардың басшылары болып қайтты.

Кездесуді аудандық әкімдіктің акті залында Шарбақты ауданының әкімі А.К. Абеуов ашты. Әлеуметтік мәселелерді талқылау үшін аудан орталығы ұйымдарының өкілдері, ауылдық округ әкімдері, Шарбақты ауылының тұрғындары шақырылды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Павлодар облыстық филиалының директоры В.Ю. Питраков Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің одан әрі жаңғыруы, 2019 жылы заңды күшіне енген жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі  өзгерістер туралы ақпараттандырды. 

Ол базалық зейнетақыны есептеудегі жаңалықтарды, зейнетақы жасының артуы туралы, жеке зейнетақы жоспарлары мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі туралы, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары жүйесін дамыту, «Жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме» мемлекеттік қызметін электронды форматта алу мүмкіндігі, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоттарын ашу, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі туралы және зейнетақы жинақтарының сақталуының мемлекеттік кепілдігі туралы айтып берді.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Павлодар облысы бойынша филиалының директоры А.А. Капенова мәжіліс қатысушыларын мемлекеттік қолдаудың қосымша нысаны болып табылатын әлеуметтік сақтандыру жүйесімен таныстырды, «МӘСҚ» АҚ жүзеге асыратын төлемдер бойынша ақпарат берді.

Қазақстан Республикасындағы салықтық және кедендік әкімшіліктің өзекті мәселелері, соның ішінде жеке тұлғалардың жеке табыс салығын төлеу мәселесі туралы Мемлекеттік кірістер департаментінің Павлодар облысы бойынша Түсіндіру жұмысын жүргізу басқармасының басшысы Бирюкова Г.В. баяндады.

Облыс орталығынан келген қонақтар кездесу қатысушыларының көптеген сұрақтарына жауап берді.

 

02 Қазан 2019 ж.