Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар Халықаралық қарттар күні мерекесі.  
Халықаралық қарттар күні мерекесі.  

 

Жылы-Бұлақ ауылдық округі бойынша  1 қазанда Хмельницкий, Жылы-Бұлақ  және Сахновка ауылдарында  Халықаралық Қарттар күніне арналған іс-шаралар өткізілді.

Хмельницкий ауылында «Алтын жүректер фестивалі» деген атпен қарттар күні өткізілді. Қаряиларды ауыл әкімі Қ.С.Әліжекеев  Қарттар күні мерекесімен құттықтады. Ауыл көркемөнерпаздары, Хмельницкий орта мектебінің оқушылары, 4 сынып оқушылары, мұғалімі С.Н. Базавод дайындаған жарқын билерімен, Н.Е.Прохоренконың, Т.Тайлаковтың және Бородкиндер отбасының орындауындағы әндермен қариялармызды қуантты. Азамат Дәулеткерейдің орындауындағы күй.

Жүргізуші ардагерлер кеңесінің төрайымы  Нина Карловна Бородкина. Мерекелік  дастарханды әкімдік қызметкерлері, кітапханашылар, Хмельницкий ауылдық дәрігерлік амбулаторияның қызметкерлері, Шарбақты арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатының қызметкерлері ұйымдастырды. Зейнеткерлерге Қарттар күніне арналған сыйлықтар табысталды.

Жылы-Бұлақ ауылында қарттар күніне арналған іс-шара өткізілді. Ауыл клубының жетекшісі Б.М. Сұлтанованың жетекшілігімен зейнеткерлер мен еңбек ардагерлеріне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Жылы-Бұлақ ауылдық округінің әкімі Әліжекеев К.С. зейнеткерлер мен еңбек ардагерлерін Халықаралық Қарттар күнімен құттықтады. Мерекелік дастархан жайылды. Ұйымдастырушылар - әкімдік, Жылы-Бұлақ орта мектебінің педагогикалық ұжымы. Демеушілер - Жылы-Бұлақ ауылының жастары және педагогикалық ұжым.

Сахновка ауылында Халықаралық Қарттар күніне арналған мерекелік шара өткізілді. Зейнеткерлерді ауыл әкімі К.С.Әліжекеев Қарттар күні мерекесімен құттықтап, көркемөнерпаздар мен Қарабайдай мектебінің оқушыларынан құттықтаулар қабылдады. Ауылдық мәдениет үйінің  директоры О.М. Ахмадулинаның жетекшілігімен қариялар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды. Зейнеткерлерге Қарттар күніне арналған сыйлықтар табысталды.

Хмельницкий ЖББМ әкімшілігіне, ардагерлер кеңесінің төраймы Н.К.Бородкинаға, Шарбақты арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатының басшысы Р.Т.Ахметоваға, Хмельницкий МҮ-нің ұжымына, кітапханашы А.Р.Шамхамбетоваға және Б.С.Жандельденоваға, Хмельницкий ауылдық дәрігерлік амбулаторияның ұжымына, Жылы-Бұлақ білім беру мектебінің ұжымына, Жылы-Бұлақ ауыл жастарына, Қарабидай білім беру мектебінің ұжымына, АМҮ-нің директоры О.М.Ахмадулинаға зор алғысымызды білдіреміз.

 

IMG-20191001-WA0013

IMG-20191001-WA0014

IMG-20191001-WA0017

IMG-20191001-WA0021

 

02 Қазан 2019 ж.