22 Сентября
, 13:22
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар Зергірлік бұйымдардың орындаушылар және сатып алушылар назарын аудару    
Зергірлік бұйымдардың орындаушылар және сатып алушылар назарын аудару    

2016 жылдың 6 ақпаннан Қазақстан Республикасының «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Заңы (2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V ҚРЗ) (бұдан әрі – Заң) бағалы тастар мен бағалы металдарды асыл тастармен, зергерлік және басқа да бұйымдарға (бұдан әрі – зергерлік және басқа да бұйымдар) операцияларды саласындағы реттейтін қатынастары күшіне енгізілді. Осы Заң бағалы металдарды өндіру және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Заңның талаптарын орындау мақсатында 2016 жылдың 17 шілдесінен «Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және уәкілетті органға тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 299 бұйрығы) және «Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 401 бұйрығы) күшіне енгізілді.

Зергерлік бұйымдарды сатып алған  кезде назарларыңызды бұйымда Қазақстан Республикасының рәмізі «Барыс басы» бірегей сынама таңбасы, және «КZ» Қазақстанның халықаралық аббревиатурасын бейнесі болуы тиіс. Егер, осы талаптар бұйымда болмаса, бұйым заңсыз өндірілген тауар болып есептеледі.

Заңын 7 бап 4 тармағына сәйкес, Бағалы металдар мен асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді жүзеге асыру үшін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға хабар беруге міндетті. Бағалы металдар мен асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді жүзеге асыру үшін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ) белгіленген тәртіппен уәкілетті органға хабар беруге міндетті. Қызметтің басталғаны туралы хабарлама негізінде Заңның нормасында, аталған тұлғаларға уәкілетті орган арнайы есепке қойылғаны туралы құжат береді. Мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

             Заңның талаптарын бұзушылығы әкімшілік жаупакершілікке жатады және әкімшілік бұзушылық Кодексімен қарастырылады:

- Бап 190-1 - бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі өздері өндірген бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға қоятын сынамалау таңбасынсыз, сондай-ақ атаулы таңба бедерінсіз бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу түрінде жасалған бұзушылық елуден жүз елу  есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

             - Бап 297-1 - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, бағалы металдарды, асыл тастарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету –  отыздан бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

         Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, көзделген шаралардың мақсатында зергерлік бұйымдарды нарығын дұрыстатады және адал кәсіпкерлерді қолдайтын болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасында зергерлік саласының дамуына өз үлесін қосады.

 

ҚР Сауда  және интеграция

министрлігі Техникалық реттеу

және метрология комитеті

Павлодар облысы бойынша

департаменті

 

 

12 Қыркүйек 2019 ж.