18 Сентября
, 20:59
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар Билер кеңесі           
Билер кеңесі           

IMG-20190719-WA0077

2019 жылы 4 шілдеде Павлодар қаласында қазіргі қоғамдағы билер институтына арналған конференция өтті.

Конференцияға Шарбақты ауданынан З. Каһарман, Б. Паванов, Т. Абдрахманов қатысты.

Іс-шараға Павлодар облысы әкімінің м.а. А. Оралов, облыстық соттың төрағасы М. Смағұлов, судьялар, облыстық билер кеңесінің мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты.

Билер кеңесінің басты мақсаты азаматтар мен заңды тұлғалар арасындағы дауларды шешу, татуластыру рәсімдерін жүргізу болып табылады.

Конференцияны аша отырып, облыстық соттың төрағасы билер Кеңесі қоғамның аса маңызды институтына айналғанын атап өтті. Оның құрамына облыстың 155 ақсақалы сайланды. 2019 жылдың 1 жартыжылдығында билердің көмегімен 500-ден астам азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді татуластыру жолымен шешілді.

Конференция барысында қатысушылар "Құрметті судья", "Білім берудің құрметті қызметкері", заң ғылымдарының докторы А. Хамзин болды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша облыс билері Кеңесі туралы ереже бекітілді, облыс билеріне куәліктер мен "Билер кеңесі" белгілері тапсырылды.

 

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»

 

 

19 Шілде 2019 ж.