Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар Электрондық сауда –  E-commerce мүмкіндіктері    
Электрондық сауда –  E-commerce мүмкіндіктері    

 

Жалпыға мәлім, сауда кез келген елдің экономикасын дамытудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің болжамы бойынша 2025 жылға қарай виртуалды сауда көлемі 153 миллиардтан 2-3 триллион теңгеге дейін ұлғаяды, ал электрондық коммерция саласындағы жұмыс орындарының саны 200 мың белгіге жетеді.

 

Қоғамның қазіргі даму кезеңінде электрондық саудаға дамыған және дамушы елдерде үлкен көңіл бөлінеді. Шет елдердің тәжірибесінде оны енгізу белгілі бір елдің адам өмірінің жайлылығы мен сапасына оң әсерін тигізеді деп айтуға болады. Сонымен қатар, жақында ғана Қазақстан Республикасында электрондық сауда бөлшек айналымының жалпы үлесінде тек 1% - ды ғана алды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасының артуы» атты Жолдауында стратегиялық мақсат ретінде «қолма-қол ақшасыз экономикаға» ұмтылу қажеттілігі атап өтілді. Бұдан басқа, электрондық сауда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының басым бағыты болып табылады. Осы бағдарламаға сәйкес электрондық сауданың тартымдылығы артады деп болжанады. Электрондық коммерцияның сұранысқа ие болуына мынадай іс-шаралар ықпал етеді: пошта инфрақұрылымының халық үшін қол жетімділігін жақсарту, клиенттердің сәлемдемелерді алу уақытын қысқарту, жөнелтімдердің үздіксіз жеткізілуін ретке келтіру, клиенттік аналитиканы кеңінен пайдалану, тауарлар ассортиментін кеңейту және ұтқыр коммерцияның танымалдығының өсуі.

 

 

25 Маусым 2019 ж.