19 Сентября
, 05:23
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар 3 жыл ішінде оқуды аяқтаған және жасы 29-дан аспайтын ЖООның және ТжКБ түлектерін жастар тәжірибесінен өтуге жинайды
3 жыл ішінде оқуды аяқтаған және жасы 29-дан аспайтын ЖООның және ТжКБ түлектерін жастар тәжірибесінен өтуге жинайды

Ағымдағы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж арналған «Еңбек»» Мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ЖООның және ТжКБ 24 түлектері (программисттер, экономисттер, бухгалтерлер, заңгерлер, әлеуметтік жұмыскерлер, аспаздар, электриктер, электрдәнекерлеушілер ж т.б.) үшін жастар тәжірибесінен өтуге ақшалай қараждат бөлінген.

2019 жылғы маусымда «Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 3 жыл ішінде оқуды аяқтаған және жасы 29-дан аспайтын ЖООның және ТжКБ түлектерін жастар тәжірибесінен өтуге жинайды. Сондай-ақ ағымдағы жылғы маусымда оқуды аяқтайтын түлектерге еңбекақыны төлеуге ақшалай қаражаттың шектелгеніне байланысты, жұмыспен қамту орталығына алдын ала (дипломды алмай тұрып) келуді сұраймыз.

Жастар практикасын өту ұзақтығы 6 айдан артық емес. Еңбек ақысы 63125 теңгені (салықты, міндетті әлеуметтік төлемдерді, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін есептегенде) құрайды.

Жастар тәжірибесіне жұмысқа орналасуға ниет білдіргендерді Шарбақты ауылы, Чайко көшесі 39 үй мекен-жайы бойынша орналасқан «Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ келуді сұраймыз. тел.:21721

 

07 Маусым 2019 ж.