Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар Ауылдық округтердің әкімдерімен жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес
Ауылдық округтердің әкімдерімен жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес

Павлодар облысының ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен ағымдағы жылы 11 сәуірде Орловка ауылдық округінде жергілікті өзін-өзі басқару және IV деңгейдегі бюджетті меңгеру мәселесі бойынша мәжіліс өткізілді.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін меңгеру  мемлекеттік бағдарламаның 98-ші қадамы аясында, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарында ескерілген болатын.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейіндегі ЖӨБ бюджеті, 2018 жылдан бастап  тұрғындардың саны 2000 мыңнан артық әкімшілік аумақтық бірлігінде мемлекеттік бюджеттің 4-ші деңгейі ретінде игеріледі, 2020 жылдан бастап жаппай барлық жерде, оның ішінде осы аталған санатқа Орловка ауылдық округі де жатады.

Біріншіден өз еркімен бюджетті жұмсау құқы беріледі, яғни жергілікті маңызы бар көкейтесті мәселелерді шешу үшін ЖӨБ органдарының қаржылай дербестігін арттыруға және азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы шешім қабылдауға  қатысуына мүмкіндік туындайды.

Шарбақты ауданы кәсіпкерлерінің ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу тауарларымен таныстыру үшін көрме ұйымдастырылды.

11-04-2019-Sela-GLAVNAYA

11-04-2019-Sela-2

11-04-2019-Sela-1

 

12 Сәуір 2019 ж.