Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Басты Жаңалықтар Болашақ - бұл жастар!
Болашақ - бұл жастар!

IMG_9845

23-25 ​​қаңтарда «ПМХЗ»-ның жастар ісі  жөніндегі кеңестің мүшелері, «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшылары үшін тимбилдинг өткізілген болатын. Ауданымыздың атынан «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері мен белсенділері қатысты.

Бізге С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана, «Рухани жаңғыру» жобалық офисі, «ҮЕҰ үйі» азаматтық орталығы, М.Қатаев атындағы оқушылар сарайы және Павлодар мұнай-химия зауыты бойынша экскурсиялар өткізілді.  Сондай-ақ, Мәскеуден келген жаттықтырушы Андрей Равицкийдің «Командалық көшбасшылық» тақырыбына тренинг өткізді.            Бұл өте қаныққан және пайдалы екі күн болды, онда біз көп пайдалы білім алып, тәжірибе жинап, жаңа достар тауып және биылғы жылы жұмыс істеу үшін көп күш-қуат алдық. 

Мен Шарбақты ауданының жастарын Жастар жылымен шын жүректен құттықтап, олардың шығармашылығына, белсенділігіне және мақсаттарына жетуіне тілектеспін.

Б. Саримова, Шарбақты ауданының «Жас Отан» ЖҚ төрайымы

 

07 Ақпан 2019 ж.