Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Басты Жаңалықтар Президент Жолдауын орындау мақсатында Шарбақты ауданында жұмысшылардың еңбек ақысы көтеріледі
Президент Жолдауын орындау мақсатында Шарбақты ауданында жұмысшылардың еңбек ақысы көтеріледі

Елбасының жуырдағы Жолдауында, жұмысшылардың ең төменгі жалақы көлемі жоғарлайтыны айтылған болатын.Аудан әкімшілігімен бірлесе отырып Жолдауды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлер палатасының Шарбақты ауданы филиалының директоры Жұматаев Қ.Д.  атап өткендей, ауданның жекелеген кәсіпорындары мен шаруа қожалықтардың басшылары Елбасының бастамасын қолдай отыра, өз қызметкерлерінің жалақысын барынша көтеруге ниеттерін білдірді. Мемлекет, сонымен қатар Президенттің өзі, алғашқы күннен бастап бизнеске және жеке кәсіпкерлерге әрдайым қолдау көрсетеді. Мысалы, салықтық амнистия кіргізді және де басқа мемлекеттік қолдаулар бар. Жолдауды орындау шеңберінде Шарбақты ауданында алғашқы болып қолдап және нақты шешім қабылдаған «Победа» ЖШС директоры, облыстық мәслихаттың депутаты А.Поляков. Кәсіпорын қызметкерлерінің осыдан да айлық жалақы  ең төменгі жалақы мөлшерінен асып кетеді, сонымен қатар «Айткулова К.А.» ЖК. Кездесуде Айткулова К.А. алғашқылардың бірі болып өзінің қоластындағы 12 жұмыскеріне бірінші қарашадан бастап жалақыларын         10 пайызға көтеретіні туралы ашық өз шешімін кездесуде жеткізді. Жалақының көтерілуі едәуір жұмыскерлердің тұрмыс - тіршілігіне жақсы жағынан әсер етеді, демек жұмыс кезеңі де жақсарады.

09 Қараша 2018 ж.