Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Басты Жаңалықтар Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары!
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары!

«Борышкер-Должник» Республикалық акциясына байланысты Шарбақты ауданының  полиция бөлімі және Павлодар облысы Шарбақты ауданының әділет басқармасының сот орындаушысы мен бірлесе әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша  алдын ала шараларды  өткізуде. 

Бұл шаралар айыппұлдарын төлемеген азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылық  бойынша қосымша айыппұлдан сақтандыру, және де  (ҚР ӘҚБ Кодексінің 669 тармағына сәйкес  бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, ҚР шекарасына  тыс шығуға,  тұраққа қою) жазалардан алдын алу мақсатында өткізілді. Сондықтан айыппұлдары бар азаматтар қосымша айыппұл алмас үшін уақытылы өтеуін  сұраймыз.

Әкімшілік айыппұлын  тексеру және тіркеуден алып тастау үшін  Шарбақты ауданының полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөліміне өзімен бірге жеке куәліктерін алып келуі қажет. Мекенжайы: Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік 59 (көшенің бұрынғы атауы Советов).    

Сонымен қатар  әкімшілік айыппұлдары бар азамматтар интернет-ресурстар арқылы тексеруге болады. Айыппұлдарын төлеген болса тіркеуден алып тастау үшін түбіртектерінің көшірмесін көрсету тиіс. 

Шарбақты ауданының ПБ

 баспасөз қызметі

09 Қараша 2018 ж.