Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Басты Жаңалықтар «Өзін - өзі тану пәнінде этнопедагогикалық әдістерді қолдану»
«Өзін - өзі тану пәнінде этнопедагогикалық әдістерді қолдану»

Жуырда  «Өзін - өзі тану пәнінде этнопедагогикалық әдістерді қолдану»тақырыбында  семинар өтті.  Семинарға өзін-өзі тану, технология, сызу пәні бойынша сабақ беретін мұғалімдер қатысты. Аталған шара   №2 негізгі мектепте ұйымдастырылды. Іс-шараның өтуіне аудандық оқу бөлімінің әдіскері Жанель Исекеева мұрындық болды. Жанель Василийқызы  өз  сөзінде семинардың мақсатына тоқталып, оқу үдерісі мазмұнындағы ерекшеліктерге, түлектердің нәтижесіне, мектептердегі құндылықтар және оларды ендіру бағытындағы жобаларға қысқаша тоқталды. Шара  барысында тартымды әңгімелердің тиегі ағы­ты­лды.  Әсі­ресе балалар мен жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу, олардың бойына адамгершілік пен па­триоттық сезімді сіңіру мәселесіне ерекше  мән берілді.  №2 негізгі мектептің ұстазы  Елена Сазонова  этнопедагогикалық әдістер жөнінде баяндама оқыды. Сондай-ақ оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ),оған оқушыларды  дайындау,педагогтардың 2018-2019жылы аттестатциясы   төңірегінде мәселелер көтеріліп,   әдістемелік көмек көрсетілді.   Мұғалімдердің критериалды бағалау жүйесі бойынша сұрақтары көп болды. Олардың сұрақтарына толыққанды жауап беру мақсатында  бағалау жүйесі бойынша тек ақпараттық мазмұндағы ресурстарды беріп қана қоймай, ұстаздармен бірге практикалық жұмыстар жасалды. Презентациялар ұсынылып , бейне материалдар көрсетілді.  Семинардың мұғалімдерге өте пайдалы болғандығын, өз мақсаты мен күтілетін нәтижеге жеткендігін атап айтуға болады. Сондай-ақ аудан  мұғалімдері осындай семинарлардың жиі ұйымдастырылуын, қолдау қажеттілігін айтты.

08 Қараша 2018 ж.