Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Басты Жаңалықтар Аудан әкімінің қоныс аударған отбасыларымен кездесуі
Аудан әкімінің қоныс аударған отбасыларымен кездесуі

Ағымдағы жылғы 10 қазанда аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің еңбекті артық өңірлерінен қоныс аударған отбасыларымен кездесуі өтті. Кездесуге бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы шақырылды. Кездесу көзделген Бағдарламалар және мемлекеттік қолдау шараларының шеңберінде, несиелендірудің қолданыстағы шарттары мен тетіктері туралы ақпаратты жеткізу мақсатында ұйымдастырылған.

IMG_6863_1

Әңгіме барысында қоныс аударушыларға, бизнесті дамытуға және кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған көптеген бағдарламалар бар екендігі түсіндірілді. Бөлім басшылары қоныс аударушыларға «Ерікті қоныс аударуды ұйымдастыру және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну», «Ауылды жерлерге келіп жатқан мамандарға көтергіш жәрдемақы, бюджеттік несие түрленінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну», «Кәсіпкерлік бастаманы қолдау және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну» мәселелері бойынша ақпарат берді.

IMG_6859

11 Қазан 2018 ж.