20 Сентября
, 03:01
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Басты Жаңалықтар Иоанна Предтечи шіркеуін ашу рәсімі
Иоанна Предтечи шіркеуін ашу рәсімі

Ағымдағы жылы 13 қыркүйекте Орловка ауылында Иоанна Предтечи храмын салтанатты түрде ашу рәсімі өткізілді.

Орловка ауылында православиелік храм құрылысын жүргізу туралы ауыл тұрғындарымен жиында осы мәселе бойынша Павлодар дін істері басқармасына өтініш беру туралы шешім қабылданды.

Белгіленген уақытта ауыл тұрғындары мен қонақтар шіркеу қақпасының алдына жиналды. Жақын орналасқан ғимараттардың жанында бой көтерген, дінге табынатын православиелік христиандарға арнап орнатылған зәулім ғимарат бірден көзге түседі. Шіркеудің аумағы абаттандырылған, жас шырша ағаштары,, гүлзар отырғызылған, сонымен қатар түнгі уақытта шіркеудің жан-жағынан жарқырап жанып тұратын шырағдан орнатылған.

Салтанатты рәсім басталар алдында ауыл тұрғындарына жақсы хабар жеткізу үшін шіркеуден қоңырау соғылды. Осы шараға қатысуға келген діни қызметшілер мен «Победа» ЖШС-нің директоры А.В.Поляков  Павлодар және Екібастұз епархия басшысын қарсы алды.

Салтанатты ашу рәсімінен бұрын Павлодар және Екібастұз Варнава епископы христиандардың шіркеудегі діни құлшылығын, одан кейін қатысушылармен бірге шоқыну рәсімін өткізді.

Осы рәсім өткізілгеннен кейін Шарбақты ауданының әкімі Б.Ж.Ыбыраев  орловкалықтарға бүгінгі айтулы мерекемен құттықтау сөз сөйледі және «Победа» ЖШС директоры А.В.Поляковқа «Вятский терем» фирмасының бас директоры А.А.Янченкоға алғыс білдірді.

Павлодар және Екібастұз Варнава епископы «Победа» ЖШС директоры А.В.Поляковқа және Қоғамдық құрылыс қорының директоры Н.В.Афанасьевке алғыс хат табыс етті.

Жиналған жұртшылықты храмның ашылу мерекесімен құттықтау сөз сөйлеген А.В.Поляков Қоғамдық  құрылыс қорына жеке және заңды тұлғалардың да қатысқаны туралы атап өтті.

Осы шіркеуді ағаш бөренемен көтерген «Вятский терем» фирмасының бас директоры А.А.Янченко ауыл тұрғындарына құттықтау сөз сөйледі.

IMG_3696

IMG_3765

IMG_3841

 

13 Қыркүйек 2018 ж.