Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Басты Жаңалықтар АҚЫН ОҚЫҒАН АТА БАСЫЛЫМ!
АҚЫН ОҚЫҒАН АТА БАСЫЛЫМ!

Бүгін Абай Құнанбаев атындағы мектебінде жерлесіміз, Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті ақын, Ұлы Отан соғысының ардагері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай және қарашаңырақ, Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің 90 жылдығына арналған әдеби-рухани кеш өтті.

Кештің қадірлі қонақтары: Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің бас редакторы Нұрбол Жайықбаев, Шарбақты ауданының әкімінің орынбасары Ризагүл Неғманова,м Бұқар Жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ербол Қайыров, ауданымыздың ақсақалдары, құрметті азаматтары, мекемелердің басшылары.

IMG_0124

Фойеде газеттің тарихынан және Мұзафар Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейімен  көрме ұйымдастырылды.

IMG_0002_1

IMG_0012

IMG_0122

«Айналайын» қосымшасына өз шығармашылықтарымен үлес қосып және тұрақты оқырмандары болып жүргені үшін  Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің алғыс хаттарымен Абай Құнанбаев атындағы мектебінің оқушылары марапатталды.

IMG_0088

Бүгінгі кеш талантты жас әнші Ержан Шаріпханның орындауында, Мұз Атамыздың ерекше туындысы – «Маралдым» әнімен қорытындыланды.

IMG_0058

 

 

 

13 Қыркүйек 2018 ж.