Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Басты Жаңалықтар «Саламатты Қазақстан»
«Саламатты Қазақстан»

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасының аясында шілде айының 3 күні Чигиринов ауылдық округінде Г.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық аурухана мамандары дәрігерлік тексеру жүргізді.

Таңнан бастап дәрігерлік қабылдауға келгендер көп болды. Ауылдың әлеуметтік қызметкері жалғыз-басты зейнеткер айелді ауылдық медициналық пунктке жетуіне көмегін көрсетті. Дәрігерлік қабылдаудан кейін зейнеткер облыстық аурухана мамандары  мен әлеуметтік қызметкерге үлкен алғыс білдірді. Терапевт, көз дәрігері, лор, гинеколог, педиатр т.б. дәрігерлер қабылдау жүргізді. Зертхана жұмыс істеді, қанның жалпы талдауы, зәрдің жалпы талдауы, қанның қант талдау сараптамалары жасалды.

Жылжымалы медициналық кешені өте ыңғайлы, барлық кабинеттері медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Қаралуға келгендер дәрігерлерге өз ризашылықтарын білдірді, өйткені аудандық, облыстық ауруханаларға көріну алыс және де шығынды.

Келген қызметкерлер өз жұмыстарын сүйіп білетіндері бірден білініп тұр, барлық медициналық қызметкерлер өте тәртіпті, сыпайы, сауатты. Дені саудың тәні сау! Қамқорлық пен еңбектеріне барша медициналық қызметкерлеріне үлкен рахмет!

 

09 Шілде 2018 ж.