Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Басты Жаңалықтар «Мұзарт таудай биік тұлға»
«Мұзарт таудай биік тұлға»

«Мұзтар таудай биік тұлға» атауымен біздің жерлесіміз Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдеби кездесуі өтті. Биылғы жылы ақын 95 жасқа толушы еді. Іс-шараға бүкіл ауданнан ақынның еңбектерінің жанкүйерлері қатысты.

Ақын Мұзафар Әлімбаев Қазақстандағы әдебиетті дамытуға,  ұйымдастырушы ретінде және қазақ халқының ұлы ретінде өзін толықтай арнады.

Өзінің құттықтау сөзінде әкім ауданы Ибраев Б.Ж. Мұзафар Әлімбаев - біздің ауданымыздың мақтанышы. Өнермен, әдебиетпен, музыкамен, адамдармен тікелей байланыста өмір сүрген,  тірі кезінде аты аңызға айналған адам деп айтып кетті.

Ол 70-тен астам поэтикалық және прозалық кітаптар жазған. 80-нен астам әртүрлі елдердің ақындары Әлімбаевтың арқасында қазақ тілінде сөйледі. Біздің қолданысымызға енген қанатты сөздер дн оның туындылары. Балалар әдебиетінің классигі ретінде ол оның дамуына үлкен үлес қосты.

Жүргізушілер мұның бәрін іс-шараға қатысушыларға жеткізуге тырысты. Ақынның өлеңдері мен әндерін шабыттанып орындаған Оосы шараның негізгі қонақтарына алғысымыз шексіз.

Өнер көрсеткендер тыңдаушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.. Сондай-ақ, кешке қатысушылардың барлығы ұлттық және әлемдік мәдениетке үлкен үлес қосқан қазақ халқының ұлы ұлдарының бірі туралы, ақынның жұмысының негізгі кезеңдерін және оның дүниетанымын бейнелейтін бейне роликтерді тамашалады.

Абыздық кезеңіне иек артқан шағында да, өр рухын құлатпай өткен, талантты ақынның бар болғаны жүректі қуантады. Тоқсанның бесеуіне қараған жасында дархан мінезді, жаны жайсаң жақсы ағамыз өмірден өтті. Артындағы іздеушісі, қалың оқырманы, қара орман қазақ жұрты Мұзафар Әлімбаевтың мол рухани мұрасын қастерлеп өтеді деп үлкен сеніммен айта аламыз.

IMG_0033

IMG_0104

14 Маусым 2018 ж.