Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Басты Жаңалықтар «Жымың» жазғы лагерь ашылды
«Жымың» жазғы лагерь ашылды

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні Орловка жОМ «Жымың» жазғы лагерь ашылды. Лагерьді басқару тәрбие жұмысы жөніндегі меңгеруші Л.Е.Красманға тапсырылған. Мектеп жанындағы лагерьге 60 бала барады. Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің екінші курсты тәмәмдаған студенттер  - Орловка ЖОМ түлектері Галлямова Ангелина Витальевна және Каролина Владимировна Фомина осы лагерьде отряд вожатыйлары болып жұмыс істейді.

Галлямова Ангелинаның мамандығы ағылшын тілін оқытушы өзінің вожатый ретінде жұмыс бабында ағылшын тілін үйрету үшін үйірме  ұйымдастырды. Ағылшын тілін үйренуге ниет білдіргендер сабақта алған білімін нығайта түспек.

Каролина Фомина болашақта бастауыш сынып оқытушысы. Ол сурет өнері бойынша үйірме ұйымдастырды, балалар сурет және қағаздан түрлі бұйымдарды жасайды. Денешынықтыру пәнін оқытушы О.Н.Ковтун жас гимнастарды үйретуде.

Лагерь жұмысы сағ. 10.00-де басталады,  одан кейін балалар өздерінің сыныптарына, үйірмеге барады.

Жұмыс жоспары бойынша балалр «Победа» ЖШС объектілеріне олардың жұмысымен танысу үшін экскурсияға барады.

IMG-20180612-WA0062

 

13 Маусым 2018 ж.