Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Басты Жаңалықтар «Жас жол жүру инспекторы қозғалысына-45! Біз игі істермен мерекені мадақтаймыз».
«Жас жол жүру инспекторы қозғалысына-45! Біз игі істермен мерекені мадақтаймыз».

15 мамыр күні дәстүрлі болып кеткен, облыстық «Безопасное колесо -2018» атты Жас жол жүру инспекторлары қозғалысының 45-жылдық мерей-тойына арналған Жас Жол жүрі Инспекторлары қозғалысының сайысы өтті. Конкурс Павлодар облысының Мемлекеттік автоинспекциясы мен Білім Департаментінің қолдауымен өткізілді. Конкурс барысында салтанаттылық пен мерекелік көңіл-күй сезіліп тұрды.

Конкурс мақсаты – оқушыларды жол жүру ережесін сақтауға және жол апаттарының алдын алуға дағдылау болып табылады.

          Жас инспекторлардың слеты Катаев атындағы Оқушылар сарайы базасында аудандық және облыстық турда жеңімпаз атанған  10 команданы жинады. Жас инспекторлардың жасы Ережеге сай 14 жас аралығында. Оқушылар тек жол жүру ережесін біліп қана қоймай, велосипед жүргізе білуге, алғашқы жәрдем көрсете білуге, жол үстіндегі түрлі жағдайлардан шыға білуге, автомобиль ішіндегі аптечканың құрамын білуге дайын болды. Облыстық «Безопасное колесо-2018» конкурсына ауданымыздың атынан Малиновка ауылының орта мектебінің оқушылары, Ревякина Е.В. жетекшісі болып табылатын «Виражи» командасы өз өнерлерін көрсетті. Ауданымыз үшін «Виражи» командасының екінші орны мерекелік жыл үшін өте триумфалды болмақ! Дәл осындай конкурсты жеңіп алу –ауданымыз үшін өте маңызды. Балалар оқу жылы бойы бұл сайысқа арнайы киім тігіп, атрибутикасын дайындап,осы бағытта түрлі іс-шаралар өткізіп, өз реквизиттерін дайындады. «Виражи» командасы Шарбақты ауданы бойынша өткен конкурсың гран-при жеңімпазы атанып, облыста ауданымыздың намысын қорғады.                                                                                          Смотр балалардың топта жұмыс жасай білу, ұжымдық шешімді қабылдай білу, жауапкершілікті сезіну, бір-бірін тындап, ести білу қабілеттерін тексерді. Шарбақты ауданы ІІБ атынан кәмелетке толмағандар инспекторы Фогель Оксана Леонидовна аса жауапкершілікпен белсенділік танытты. Балалар мен педагогтар бұл инспекторға моральдық тұрғыдан берген көмегі үшін ризашылық танытты.          Балалар жеңісі үшін аса белсенділікпен ат салысқан  ІІБ аға мемлекеттік автоинспекторы полиция капитаны Жұмабеков Е.Б.           Біздің тәрбиеленушілеріміздің осындай жетістіктері жол жүрушілер үшін өнеге болса екен деген тілегіміз бар.

 

 

Аудандық ЖЖИ клубының кураторы Бенц С.В.

IMG_8947

16 Мамыр 2018 ж.