Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Басты Жаңалықтар Орловка ауылдық округінде Жеңіс Күні
Орловка ауылдық округінде Жеңіс Күні

Орловка ауылдық  округінде Жеңіс күніне арналған мерекелік митинг өтті.  Таңертеңнен бастап Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерімізді еске алуға арналған ескерткіштің аумағында  музыка әуені естілді. Ескерткіштің алдында Орловка жалпы орта білім беру мектебінің  жоғары сынып оқушылары кезекшілік атқарды. Орловка ауыл тұрғындары және қонақтар мемориалға белгіленген уақытта жиналды, Даңқ аллеясының бойымен мәңгілік даңқ туралы музыкалық сүйемелдеумен, Ұлы Отан соғысында қаза болған ата-бабаларының портретін қолдарына ұстаған демонстранттар колоннасы жүріп өтті. Олардың ішінде балалар әсіресе бастауыш сынып оқушылары да болды.  Демонстрацияға қатысушылардың 1941-1945 жылдары соғыста қаза болғандардың портретін мақтанышпен ұстағандары байқалды. Митингке қатысушылардың ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері, ауылдың қадірменді қариясы Михаил Илларионович Ковтун болды. Орловка ауылдық округінің әкімі Ирина Владимировна Галлямова, Орловка жалпы орта білім беру мектебінің директоры Андрей Викторович Масальский, 2018 жылғы мектеп түлегі Михаил Бойко құттықтау сөз сөйледі. Митингке қатысушылар соғыста қаза болғандарды еске алу үшін минуттік үнсіздік рәсімін жасады, одан кейін ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Митингті Орловка жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілі және әдебиет пәнін оқытушы Наталья Геннадьевна Безуглова жүргізді. «Орловка ауылдық мәдениет үйінің «Криница» вокалды тобымен Жеңіс күніне арналған ән орындалды.

IMG-20180509-WA0037

IMG-20180510-WA0006

IMG-20180510-WA0007

14 Мамыр 2018 ж.