Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Басты Жаңалықтар Шарбақты ауданының оқу бөлімінің 2017 жылы атқарған қызмет қортындысы және 2018 жылғы міндеттер туралы  
Шарбақты ауданының оқу бөлімінің 2017 жылы атқарған қызмет қортындысы және 2018 жылғы міндеттер туралы  

 

         Ағымдағы жылғы қаңтарда аудан әкімі Б.Ж. Ыбыраевтың қатысуымен аудандық білім беру мекеме басшыларының мәжілісі өткізілді.

         Мәжілісте 2017 жылғы жұмыс қортындысы жасалды және оқу бөлімінің              2018 жылғы жұмыс жоспары, сонымен қатар, бірнеше мәселелер қаралды, олар: Республика мәжілісінің қорытындысы туралы, ауданның білім беру жүйесін цифрландыру туралы, мектеп оқушыларының аудандық пәндер олимпиадасының қорытындысы, ауданның білім беру мекемелерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру туралы, 2017-2018 оқу жылында жасөспірімдер мен балаларды біліммен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырылған іс-шаралар туралы (жаппай оқу айлығының қортындысы бойынша), 2017 жылғы білім беру жүйесін дамыту бойынша аудандық білім беру мекемелерінің қызметін бағалау көрсеткішінің рейтингісі туралы т.с.с.

         Мәжіліс барысында аудан әкімі Б.Ж. Ыбыраев білім беру жүйесіндегі мәселелер мен жетістіктер туралы атап өтті. Сонымен қатар, онымен 2018 жылға арналған басты  тапсырмалар алға қойылды.  

         Мәжілісті қортындылай келе,  оқу бөлімінің басшысы  Б.Т. Омарова қаралған мәселелер өзекті екенін атай келе, мамандардың ұсынған жаңа заң жобалары реформа сипатында екенін атап өтті. Осы үдеріс біздің жұмысымызды реформалаумен тығыз байланысты.

         Біз бүгін барлық мәселелерді талқыладық, белгіленген міндеттер дұрыс әрі дер кезінде орындалуы тиіс.

 

IMG_4783-13-02-18-03-02IMG_4784-13-02-18-03-02

 

 

 

13 Ақпан 2018 ж.