Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Басты Жаңалықтар Қазақ тілінің латын қарпіне кезең-кезеңмен көшуі    
Қазақ тілінің латын қарпіне кезең-кезеңмен көшуі    

 

Жақында еліміздің Мемлекет басшысы қазақ әліпбиін кириллицадан латын жазуына аудару туралы жарлыққа қол қойды. Барлығымыз жаңа ойдың, уақыттың, жаңа әліпбидің пайда болғанының  куәгеріміз. 

Музыкалық мектептің ұжымына Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы А.Жанайдарова ақпарат минутын өткізді. Қатысушыларды жаңа әліпбимен, оның ерекшеліктерімен таныстырды. Оның айтуынша, латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, үкімет қазақ тілінің латын графикасын енгізу бойынша жұмыс тобын құратын болады және жұмыс тобы 2025 жылға дейін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу бойынша іс- шаралар жоспарын әзірлейді. Сондай-ақ, Ақзира Қайыргелдіқызы жаңа әліпбидің әріптерін үйрену  қиындық туғызбайтынын айтты, өйткені латын қарпі бүгінгі күнде медицинада, жол белгілерінде, көліктердің мемлекеттік нөмірлерінде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, ол төлқұжаттарда, ұялы телефондарда қолданылады, - сондықтан да, бұл үшін тек қана ықылас таныту қажет. 

WhatsApp Image 2018-02-12 at 16.21.00

12 Ақпан 2018 ж.