Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Басты Жаңалықтар Альбомнан өткен жылдарды еске алу
Альбомнан өткен жылдарды еске алу

        Астананың  20-жылдығы аясында Павлодар облысында жалпы орта білім беретін мектептердің 6-11 сынып оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекеме студенттерінің арасында,  «Туған жердің жүрегі» тақырыбына арналған дистанционды бейнероликтен облыстық конкурс өткізілді.

        Осы конкурстың мақсаты конкурсқа қатысушылардың бейнемонтаж, медиа файлды өңдейтін бағдарламалық құралдар және техникалық құралдармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру саласында шығармашылық және кәсіби әлеуетін айқындау болып табылады.

        Облыстық конкурсқа барлығы 65 жұмыс ұсынылды. Оның ішінде «Альбомнан өткен жылдарды еске алу» тақырыбына арналған жұмыс, Орловка жалпы орта білім беру мектебінің информатика пәнін оқытушы Л.А.Пономаренконың жетекшілігімен, 8 сынып оқушысы Диана Гайчина 1-ші орынға ие болды. Қазылар алқасы қатысушының еңбекқорлығы мен ерекше белсенділігін атап өтті.

09 Ақпан 2018 ж.