Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
«Жылыту пештердің қауіптілігі - иісті газбен улану» акциясы  
Басты ТЖ қызметі ақпараттайды «Жылыту пештердің қауіптілігі - иісті газбен улану» акциясы  

 

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетінің бастамасымен 13 қараша 13 желтоқсан аралығында республика аумағында жылыту маусымында азаматтардың жеке қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, өрттер кезінде адам қаза болуы мен жараққатануын алдын алуға  бағытталған: «Жылыту пештердің қауіптілігі - иісті газбен улану» атты акциясы жарияланды,

ҚР ІІМ ТЖК статистикалық мәліметтеріне сәйкес еліміздің аумағында әр күн сайын адамдардың табиғи және иісті газбен улану фактілері тіркелуде, тәулігіне орташа есеппен 2-3 жағдай, адам өліміне де әкелуі аз емес. Атқарылып жатқан алдын алу іс-шараларына қарамастан бұл бағытта Шарбақты ауданы да тыс қалған жоқ, осы жылғы жылыту маусымы басынан аудан бойынша тұрғындардың иісті газбен уланып, аудандық ауруханаға жеткізуімен  3 фактісі тіркелген, нәтижесінде 8 адам зардап шеккен, олардың үшеуі балалар, қуантарлығы - адам өлімі орын алған жоқ, 2016-2017 жылдары жылыту кезеңінде иісті газбен уланып ауданның 15 тұрғыны зардап шекті.

Аталған акция шеңберінде Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, №25 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері ІІБ жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе тұрғындар арасында иісті газбен уланудың қауіптілігі мен салдары жайында үгіт-насихаттау жұмыстарын жүргізуде. Иісті газбен улану барлық жағдайлардың басты себептері - жылыту пештер мен газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбау, қауіпсіздік ережелерінің қарапайым талаптарын орындамау, сонымен қатар, халықтың нашар ақпараттандырылуы.

Жалпы білім беру мектеп оқушылары арасында да «Жылыту пештерін пайдалану кезінде қауіпсіздік шаралары және иісті газбен улану адам өміріне қауіпті» тақырыбына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

Шарбақты ауданының ТЖБ, Н. Есимханов