21 Сентября
, 04:50
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Тұрмыстық газдан пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаныздар!
Басты ТЖ қызметі ақпараттайды Тұрмыстық газдан пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаныздар!

 

         Газ баллондарын және газ құрал-жабдықтарын осы өнімді сатуға сертификаттары бар мамандандырылған ұйымдардан ғана сатып алу керек. Өйткені жұмыс істейтін газ қондырғыларын қауіпсіз пайдалану және оларды тиісті жағдайда ұстау үшін жауапкершілік олардың иелеріне жүктеледі.        

         Газ ауамен қосылғанда жарылатынын және өртке қауіпті екендігін ұмытпаңыздар! Қосынды тұтануының көздері ашық от, электр құралдарын қосқан және өшірген кезде туындайтын электр ұшқыны болуы мүмкін. Улануды болдырмау үшін газды жақпас бұрын тарту күшін тексеру қажет, газ қондырғыларын қосқаннан кейін және олардың жұмыс істеуі кезінде желдеткіш каналдардың дұрыстығын қадағалау, әрдайым бөлмені әсіресе ұйықтар алдында желдету керек.

         Тұрмыста газды пайдаланған кезде:

-         Газ құбырларына жіп байлауға (осылай істеген жағдайда бұрандалы біріктірулердің тығыздығы бұзылады, газдың шығып кетуі мүмкін); жанып тұрған плита үстінде киім-кешек және шаш кептіруге;

-         Газ құралдарын, баллондарды, арматураны өз бетімен қайта орнатуға және жөндеуге; жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдыруға;

-         Газ құралдарын мектепке дейінгі жастағы балалар және оларды қауіпсіз пайдаланудың ережелерін білмейтін тұлғаларға жол беруге;

-         Газдың шығып кетуін анықтау үшін ашық отты пайдалануға (ол үшін тек сабынды эмульсия ғана қолданылады);

-         Қысым реттеуішін нығыздауыш сақинасынсыз немесе төсемсіз орнатуға;

-         Жұмыс істейтін плита маңында тез жанғыш материалдар мен сұйықтықтарды орналастыруға;

-         Ұйықтау және демалу үшін газ құралдары орналастырылған бөлмелерді пайдалануға;

-         Бөлмені жылыту үшін газды және газ плиталарын пайдалануға;

-         Ұшқын туындататын құрал-саймандар көмегімен газ арматурасының бөлшектерін біріктіруге тыйым салынады.

        

Шарбақты ауданының ТЖБ