Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Өрт сөндіруші Ә. А. Бүркітбаев
Басты ТЖ қызметі ақпараттайды Өрт сөндіруші Ә. А. Бүркітбаев

Шарбақты ауданының елді мекендерін қорғау бойынша «Павлодар облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ № 25 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері үшін өтіп бара жатқан 2016 жыл тағы бір тамаша жетістік әкелді.

Бөлімнің жас қызметкері өрт сөндіруші азаматтық қорғау кіші сержанты Әділхан Айбекұлы Бүркітбаев «Белбеу күресі» бойынша «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағына ие болды, сондай-ақ Шарбақты ауданында спортты және мәдениетті дамытудағы қосқан зор үлесі үшін және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің  25 жылдығын мерекелеу құрметіне «Мәдениет, тілдерді дамыту,  дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мақтау қағазымен марапатталды.

Өрт сөндіруші Ә. А. Бүркітбаев азаматтық қорғау органдарындағы қызметінің қысқа мерзімінде (2015 жылғы тамыздан бастап) бөлімшенің спорттық және мәдени өмірін дамытуда үлкен жетістіктерге жетті, аудандағы және өрт сөндіру қызметіндегі барлық спорттық шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Күрес бойынша Павлодар облысы ТЖД құрама командасының мүшесі. Аудан өңіріндегі резонансты өрттерді сөндіруге қатысқан.

Буркутбаев