Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Мақсат ортақ

«Азбука безопасности» акциясы аясында Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мекеме, кәсіпорындар жұмысшылары арасында семинар, дәрістер өткізілуде, аудан, облыс, республика аумағында орын алған төтенше жағдайлар бойынша ақпарат, шолу ұсынып, жылыту маусымында келеңсіз жағдайларды алдын алуға бағытталған талаптар мен қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар орын алғанда атқарылатын іс-әрекеттер  жөнінде жеткізіледі.

Сонымен қатар, әр күн сайын елді мекендерде тұрғындарды жылыту маусымында улы газбен улануды алдын алу, өрт қауіпсіздік ержелеріне үйретумен үй басы аралау жүргізілуде. Ауылдық округ әкімдері аппарат өкілдері мен жергілікті полиция қызмет қызметкерлерімен бірігіп әлеуметтік тұрмыс жағдайлары нашар топтар арасында рейдтік шаралар өткізілуде. Өткізіліп жатқан шаралардың мақсаты ортақ – халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау.

 

Н. Есимханов, бөлім бастығы