Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шарбақты ауданының жас өрт сөндірушілері мен құтқарушылары дайын
Басты ТЖ қызметі ақпараттайды Шарбақты ауданының жас өрт сөндірушілері мен құтқарушылары дайын

  2016 жылғы 13 желтоқсанда «Шарбақты ауданының №3 жалпы орта білім беру мектебі» ММ спорт залында Шарбақты ауылының жас өрт сөндірушілері мен құтқарушылар жасағының  арасында жарыс өтті. Осы жарыс Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналды. Жарыстың негізгі міндеті өсіп келе жатқан ұрпақтың патриотизмге деген жоғары сезімін, азаматтық жауапкершілігін, құтқарушы мен өрт сөндіруші мамандығына сүйіспеншілігін қалыптастыру, сонымен қатар балаларды жас өрт сөндірушілері мен құтқарушылар  жасағына  тарту болып саналады. Жарыс бағдарламасы 6 кезеңнен болды. Әрбір кезең ішінде жас жігіттер мен қыз балалар өздерінің дағдылары мен қабілеттігін көрсетті.

         2 балл артықшылығымен №3 ЖОББМ жеңіске қол жеткізді, екінші орын гимназиялық сыныптармен мектеп өкілдерінде және үшінші орынға Абай Құнанбаев атындағы мектеп оқушылары ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталар мен сыйлықтармен марапатталды.

ОЧС

ОЧС1

ОЧС2