Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Аяз және боран

Біздің ауданымыздың шұғыл континентальды климатының суыту қаупі кез келген жыл мезгілінде, әсіресе қыста адамдарға қауіп төндіреді.

- қырағы болыңыздар, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты қадағалап, үйден шығар алдында термометрге қараңыздар немесе қоршаған табиғатты бақылаңыздар;

- ауа райына сәйкес киініңіздер, артық киім алып жүріңіз.

- түнгілікте және ауа райы бұзылып тұрғанда жолға шықпаңыздар!

- суық ауа райында, әсіресе қатты аязда өзіңіздің хал-жайыңызды бақылауда ұстаңыз, жалпы денеңізді және жеке бір жеріңізді тоңазытып алмаңыз. Ең жиі тоңазуға душар болатын құлақ, мұрын, аяқ-қол, саусақ, бармақ бастары.

Боран және күртік қар ерекше қауіпті болып табылады, әсіресе үйінен алыстағы, жол үстіндегі адамдар үшін:

- егер де жолда бірнеше адам бірге болса (бірнеше көлікпен), барлығы бір жерге жиналып, паналауға бір көлікті пайдаланып, міндетті түрде қозғалтқыштың суын ағызып жіберу керек.

- паналаған көлікті тастап кетуге болмайды, қатты боранда бағытты жоғалтып алу мүмкін.

- көліктің капотын желге қарсы орналастыру керек, барынша жылы киіп, жанармайды үнемдеп, пешті үздіксіз жақпаңыз.

- мезгіл-мезгіл есіктердің біреуін ашып отыру керек, сіздерді салонның сыртынан қар бітеп қалмас үшін күртік қарды жылжытып, құлатып отыру қажет. Бұл есікті авариялық шығыс үшін қолдануға болады.

- егер де сіз көлік салонын жылыту үшін қозғалтқышты қоссаңыз, онда мезгіл-мезгіл далаға шығып және шыққан газ көліктің астына кетпей атмосфераға кету үшін газ шығатын түтікті қазып шығарыңыз. Мотор жұмыс істеп тұрғанда бөлінетін пайдаланылған газ көлік салонына бірте-бірте жиналса, ол сізді ең сұрапыл аяздан едәуір бұрын өлтіреді.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Сізде ең аз дегенде қосалқыны санағанда бес доңғалақ бар, олар кез келген ауа райында жаман жанбайды.

Жүруге шешім қабылдасаңыз, асфальт пен трассаны ұстаныңыз: оларды қар аз басады және оларда жиек бар, сол арқылы бағыт ұстауға болады.

Суықтан жарақат алатындай жағдай туғызбаңыз. Қонақта кешігіп қалмаңыз, ішімдікті артық пайдаланбаңыз, ол қауіп-қатер факторын арттырады, реакцияны мұқалтады, қате шешімге әкеп соғады және жағдайды дұрыс бағалауға мүмкіндік бермейді.

Тоңазыған жағдайда алғашқы медициналық жәрдем көрсету дағдысын игеріңіз.