Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қыстан сақ болыңыз!
Басты ТЖ қызметі ақпараттайды Қыстан сақ болыңыз!

Қыс уақытында бақытсыздық жағдай мен адам өлімін болдырмау мақсатында Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар  бойынша бөлімі осы қауіпті кезеңде ереженің сақтаудың тәртібін және қатерлі жағдайда пайдалана білудің керектігін естеріңізге салудыжөн санайды.

Ең алдымен, қыс мезгілінде жолға шығарда қарапайым ережелерді есте сақтаңыз:

- ауа-райы туралы мәліметтен хабардарболыңыз

- артық киімдеріңізді алудан бас тартпаңыз

- машинада азық-түлік қоры,термоста ыстық шайдың болуы.

Сізге машинада жылынатын пештің болғаны дұрыс. Боранды күні түнде жолға шықпаңыз,түнде барлық бағытыңызды жоғалтуыңыз мүмкін.

Жолды ұстап отырыңыз. Босқа абыржымай, тыныштықты сақтаңыз. Кенеттен Сіз боранға жолда тап болсаңыз, онда қарды қуыстап,сынған ағаш бұтағын қармен қоршап, төбесінен тесік қалдырып ішінде болсаңыз, өз денеңізден бөлінген жылу оның ішінде жылулық береді Ал егер 1-2 шырақ жақсаңыз, қорғанатын жеріңіз жабдықталған орын болып шығады да, даладағы құтырған бораннан бірнеше сағат сақтанасыз.

Әрине, бұл жағдайда ұйықтап қалмау керек және төбедегі ауа тартқыш тесіктің жабылып қалмауын қадағалап отыру қажет.

Боранда аяқтан тұрып тосуға болмайды. Сіз ерте ме, кеш пе шаршайсыз, бағытыңызды жоғалтасыз, демалуға отырсаңыз тоңасыз. Тіпті жақсы,жылы киімнің өзі де желді аязда Сізге азғана уақыт қорғаныш бола алады, сондықтан уақытыңызды өзіңізді сақтауға жұмсаңыз.

Қардың жақсы қырылыс материалы жылу ұстайтын құрал екендігін есіңзге түсіріңіз.

Сіздің сақтануыңыз – қар үстінен орын іздеу және онда қорғанатын үй жасау. Бұл Сіздің қарлы бораннан сақтануыңызға ашық күнді күтуіңізге және ілгері жүруіңізге мүмкіндік туғызады.

Егер боранда машинада отырсаңыз, машинаның капотын жел жаққа қаратылып қойып, жанармайды үнемдей отыра, машинаны қыздырып қою керек. Машинаны қар басып қалу қаупі болған кезде, мезгілінде қарды аршып отыру керек.

Қар басып қалған машинаның жұмыс істеуінен бұрын,газ шығару трубасын қардан тазарту керек, себебігаз машинаның астына емес, атмосфераға шығу керек.

Адам бағытын жоғалтқанда, өз үйіне бірнеше метр қалған кезде де қазаға ұшыраған кездер жиі кездеседі, сондықтан машинадан шығарда өзін-өзі сақтау үшін, арқанмен (шарф т.б.) байланып шыққан дұрыс.

Сонымен, қысқы уақытта адамның өз өмірін сақтау бірнеше жағдайларға байланысты, бәрінен бұрын сұрапыл қыс жағдайында оның тәртіпті дұрыс бағытты ұстауға адамның өзінің моральдық жүріс-тұрысына тікелей байланысты.