Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Алдын алу тұрақты күйде
Басты ТЖ қызметі ақпараттайды Алдын алу тұрақты күйде

Алдын алу тұрақты күйде

      Аудан аумағында тіркелген өрттердің басылым бөлігі әдеттегідей тұрғын секторда орын алған, нәтижесінде материалдық шығын келтіріліп, тұрғын үйлер мен шаруашылық құрырылыстар зақымданып, жойылады, өкінішке орай Сынтас, Шарбақты ауылдарында өрттер кезінде адам қаза болу 2 фактісі тіркелген, сонымен қатар, Красиловка ауылында ақаулы пештерді пайдалану салдарынан улы газбен улану 2 жағдай орын алған, нәтижесінде 5 уланған, оның екеуі балалар.

         Аталған жағдайларды алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар бөлімі, 25-ӨСБ қызметкерлерімен тұрақты күйде алдын алу шаралары атқарылуда: елді мекендердің тұрғындары арасындағы жиналыстарға қатысылып, тексеріс жұмыстары барысында мекемелер мен ұйымдар қызметкерлері арасында нұсқамалар ұйымдастырылып, елді мекендерде үй басы аралап өрт қауіпсіздік талаптары жеткізіліп, тиісті жаднамалар таратылады. Бұқаралық ақпараттар құралдарындағы материалдар да өрттер мен өзге де төтенше жағдайларды алдын алуға бағытталған.

 

Бөлім бастығы, Н. Есимханов