Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік
Басты ТЖ қызметі ақпараттайды Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік

        Сіздің қауіпсіздігіңіз және айналаңыздың қауіпсіз болуы Сізге байланысты.   Сақ болыңыз, өрт қауіпсіздік ережесін сақтаңыз. Қандай жағдай болса да ақыл-есіңізді жоғалтпаңыз, қауіп деңгейін және  өз күшіңізді дұрыс бағалауға тырысыңыз! Жағдайды кәсіптенген адамға тапсырыңыз!

Қауіп-қатер факторының бірі - "әлеуметке қарсы" элемент санатына жататын көршілермен қатар тұру. Бұл адамдардың өмірі – тұтас мейрам, ішкілікке салыну, арақатынастарын анықтау және басқа нышандар. Сонымен қатар олар шылым тартады... Шылым құмарлар- олар өртеушілер. 

Егер Сіздің жаныңызда кереуетте  жатып  шылым тартатын әдеті бар адам тұрса, онда ол ерте ме кеш пе өзі ғана күйіп кетпей, Сіздің жанұяңызға да үлкен қасірет әкеледі. 

Сіз бақытсыздықты алдын ала: ол үшін тіпті милиция қызметкерін жұмылдырсаңыз да, мас күйдегі шылым шегушіні уақытында тоқтатыңыз. Сіздің жанұяңыздың қауіпсіздігі жағымсыз әңгімеден қымбат. Статистика ырыққа көнбейді. Елде жыл сайын орта есеппен тоғыз мыңға жуық адам оттты абайсыз қолданудан болады. Олардың ішінде төрт мыңға жуығы біздің  күмәнді "достарымыз" – қауіпті әдеттің құрбандары: мас күйде кереуетте жатып  шылым шегушілер.  

Мас күйде кереуетте шылым шегіп ұйықтап кеткендер қайтып оянбайды,  өйткені олар тұншықтырғыш улы газбен және синтетикалық заттардың тұтануынан бөлінентін улы заттармен: азот тотығы және көмірсутектерімен, , окисями азота и углеводородов, көкшіл қышқылдармен, фосгенмен және басқаларымен уланған. Адамның хал-жағдайына тек улы тұншықтырғыш газ бен көмірқышқыл газы әсерінің қауіптілігін білу үшін, ауада осы заттардың ұлғаю динамикасын қарастырайық.

Уланудың белгілері: ауада  0,01% улы тұншықтырғыш газы болса, әлсіз бас ауруы байқалады; 0,05% - бас айналады; 0,1% - талып қалады; 0,2% - комада болады, тез өліп кетеді; 0,5% - лезде өліп кетеді.

Көмір қышқыл газы.  0,5% дейін әсер етпейді,  0,5-тен 7% дейін – жүрек соғысы жиілейді, тыныс алу орталықтары жансыздана бастайды, 10% -жоғары болса  тыныс алу орталықтары жансызданып, өлімге әкеп соқтырады. Сонымен қатар улы газдар да бөлініп шығады, ауада оттегі болмайды. Өрт сөндірушілер үшін ашық өрт қана қауіпті емес, қарапайым болып көрінетін түтіндеудің өзімен шайқасу оңай емес екені түсінікті ме?

Егер көршіңіз қауіпті шылым шегуші болса, қалай әрекет ету керек? 
 6 ережені есте сақтаңыз: 

- Көрші пәтерден түтін иісін сезсеңіз, тез арада өрт сөндірушілерге 101 телефоны арқылы қоңырау шалыңыз және милицияға хабарлаңыз (өртті болдырмаған жағдайдың өзінде, "өрт қоюшыны" қараусыз қалдырмау керек), басқа көршілерді көмекке шақырыңыз, "Жедел жәрдем" шақыртыңыз. 
         - Егер қоңырауға және есікті қаққанда ешкім жауап бермесе, онда есікті бұзыңыз, бірақ абай болыңыз- таза ауадан жалынның жарқылдауы және таралуы мүмкін. Пәтерге кірген кезде, қол орамал немесе сүлгі арқылы тыныс алыңыз (ауада тұншықтырғыш улы газ болады), сақтық үшін есіктің жанына біреуді қалдырыңыз. 

- Мүмкін болса, зардап шегушіні тауып және оны пәтерден таза ауаға шығарыңыз. Көршілермен бірге жанып жатқан заттарға өрт сөндіру краны арқылы немесе суы бар шелекпен, жану толық басылғанша және түтін тоқтағанша су құйыңыз.

- Төсек  жабдықтары жанса немесе тұтанса, оларды тез арада орап ванна бөлмесіне апарып душтан су құйыңыз. Матрасты тұтас суға батырыңыз. Әлсіздік пен басыңыздың айналғанын сезсеңіз, тез арада, артыңыздан есікті жауып, дәлізге шығыңыз. Бастысы - адамдарды құтқару, сондықтан қатты түтіндеу кезінде зардап шеккендерді көшіріп, өрт сөндірушілер келгенше жанып жатқан пәтерге қайта кірмеңіз; кіре беріс есікке сыртынан су құйыңыз.

- Қажет жағдайда зардап шегушіге жүрегіне түзу емес массаж жасаңыз, дәрігер келгенше жасанды тыныс алдыру жасаңыз.

- Есте сақтаңыз: бөтен бәле болмайды, бірлесіп әрекет ету арқылы ғана апаттан құтылуға болады. Мас күйдегі шылым шегушіден басқа да көптеген өрт себептерін болдыратын факторлар бар.

Сіздің пәтеріңіз жанудан құтыла алмайды, егер: 

- балалар қараусыз қалып және сіріңкемен, электр аспаптарымен ойнаса;
-отты абайсыз қолданса: бояулар мен мастиктерді қыздырғанда, пештің үстіне киімдерді кептіргенде және т.б.;

- электр аспаптары мен шамдарды перделерге, түсқағаздар мен ағаш бұйымдарға жақын орналастырса;

- бір мезгілде бірнеше электр аспаптарын бір розеткаға тыққанда (тройниктерді көп қолданбаңыз, сымдардың қуаты 1,5 кВт –қа ғана есептелген);

- электр сымдары қысқаша тұйықталса (егер олар дымқыл болса, оралып қалса,  шегеленіп тұрса, түсқағазбен жапсырлса);

- және т. б…

Егер өртті  сөндіруге бірнеше секундқа кешіксеңіз, ДЕРЕУ 101-ге ХАБАРЛАСЫҢЫЗ! Кешігу үлкен өртке әкеп соғады, оны ауыздықтау қиынға соғады.. 

ӨРТ КЕЗІНДЕ ҚАЛАЙ ӘРЕКЕТ ЕТУДІ БІЛУ ҚАЖЕТ: 

- Дереу өзіңіз немесе көршілеріңіз арқылы өрт сөндірушілерді шақырыңыз. 101 ТЕЛЕФОНЫ АРҚЫЛЫ!

- Қабаттағы көршілеріңізге өрт шыққаны жайлы хабалаңыз, оларға балалар мен қарттарды қауіпсіз жерге шығаруын сұраңыз.

- Өрт сөндірушілерді шақырғанға дейін көршілердің көмегімен қолда бар құралдар арқылы өртті сөндіруді бастаңыз (өрт сөндіргішпен, тығыз дымқыл матамен, ішкі өрт сөндіру крандарының суымен).

- Пәтердегі электр тоқтарын өшіріңіз (басқыш алаңындағы щиттегі автоматты).

- Артыңыздан есікті тығыз жауы, пәтерден тез арада шығыңыз.

- Егер есік арқылы шығу мүмкін болмаса, онда артыңыздан есікті тығыз жауып балконға шығыңыз, айқайлап немесе басқа тәсілдер арқылы өрт сөндірушілер мен өтіп бара жатқан адамдардың назарын өзіңізге аударыңыз.

- Өрт шығуы мүмкін жағдайларға байланысты, өзіңізді, мүлкіңізді сақтандырыңыз және өрт шыққанда аяқ асты көшу жағдайы туындағанда білу үшін, құжаттарыңыз бен ақшаңызды, жанұяңыздың әрбір мүшесіне белгілі жерге  сақтаңыз.

 

Шарбақты ауданының

ТЖБ инженері

а/қ аға лейтенанты                                            С. Сейпетденов