Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Абайлаңыз теректің ұлпасы!
Басты ТЖ қызметі ақпараттайды Абайлаңыз теректің ұлпасы!

Жаз туды, жақын уақытта терек ағаштарынан ұлпалардың түсуі басталады. Тұрғын үйлер мен құрылыстардың маңына жиналған терек ұлпалары өрт қауіпін туғызады. Сөндірмей тасталған сіріңке, темекі тұқылы,  балалардың отпен ойнауы сияқты әрекеттерден тек терек ұлпалары ғана емес жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстардың өртенуіне әкеп соғуы мүмкін. Абайсыз болулардың нәтижесінде өрт туындап, қомақты шығынға ұшырамаңыздар деп - Шарбақты ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді және терек ұлпасынан келетін жайсыз жағдайлардан сақ болуға бір қатар кеңестер береді,   

Терек ұлпасы, жапырақтар мен қоқыс жиналған орындарға от салмаңыздар. Ғимараттар маңына, үй ауласына жиналған терек ұлпаларын, жапырақтарды және қоқыстарды уақытылы тазалау керек. Ұлпаларға су шашып, сыпырып бір орынға жинап, қоқыс салатын контейнерлерге тастаңыздар.  

Осы қарапайым ережені сақтасақ өрттердің туындау мүмкіндігі едәуір шегереді.