Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шарбақты АУДАНЫ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРынЫҢ 2016 ЖЫЛҒЫ 1 тоқсанда МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ мәселелері БОЙЫНША ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЕСЕБІ
Басты Халыққа қызмет көрсету Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептілік Шарбақты АУДАНЫ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРынЫҢ 2016 ЖЫЛҒЫ 1 тоқсанда МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ мәселелері БОЙЫНША ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЕСЕБІ

 

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету –

мемлекеттік органдардың аса маңызды қағидаларының бірі

 

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру бұл жемқорлыққа қарсы әрекеттің аса маңызды қадамы мен тұрғындардың мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне деген сенімі.

Мемлекеттік қызметтер келесі принциптер негізінде іске асырылады:

-        Қызмет алушыға қандай да бір әлеуметтік, қызметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге деген көзқарасына, тұрғылықты жеріне немесе басқа да жағдайларға қарап кемсітушілікке жол берілмей, теңдей қолжетімді болатындығы;

- мемлекеттік қызметтер көрсетілгенде бюрократизм мен сөзбұйдалыққа салынуына жол бермеуде;

- мемлекеттік қызметтер көрсетілудің айналасында тазалық пен есептілікке;

-  мемлекеттік қызметтер көрсетілудің қолжетімділігі және сапалылығы;

- мемлекеттік қызметтер көрсетілудің үрдісінің үнемі жетілдіріліп отыруында;

-  мемлекеттік қызметтер көрсетілудің тиімділігі және үнемділігінде.

Шарбақты ауданының мемлекеттік органдарымен 2015 жылғы 12 айда мемлекеттік мекемелерімен 6255 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

-         Мемкорпорация арқылы- 505

-         электронды түрде- 8

-         қағаз тасымалдағышта – 854

-         қағаз түрінде, бірақ ЭҮП және (немесе ХҚО) арқылы – 4888 көрсетілетін.

Ақылы негізде 2016 жылғы 1 тоқсанда мемлекеттік қызметтік қызмет көрсетілген емес.

 Ауданда «Павлодар облысы халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының аудандық бөлімі жұмыс істейді.

Шарбақты аудан тұрғындарына қолайлы жағдайда мемлекеттік қызметтік көрсету үшін Шарбақты ауданының ХҚО-ның ұтқыр тобы ауылдық округтерге барып тұрады.

Әр мемлекеттік органда жалпыға бірдей қолжетімді орындарда ақпараттау стендтерде мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттері және өтініштердің үлгісі орналастырылған.

Аудандық  «Маралды» және «Трибуна» газеттеріне, оның ішінде электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету туралы мақала  жарияланып тұрады. Электрондық қызметтерді кеңінен жариялау бойынша халықпен белсенді жұмыс жүргізілуде, ауданда қоғамдық қолжеткізу пунктері орнатылған және жұмыс істейді.

          Аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісімен  мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері үшін семинар өткізіліп тұрады.

          Аудан әкімі аппаратымен дер кезінде және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ай сайын мониторинг жүргізіледі, мемлекеттік стандарт және регламент талаптарын бұзудың алдын алу шаралары қолданылады.

         «Мемлекеттік органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушылардың қанағаттану» критерийлері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау, қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет алу кәртішкелерін толтыру арқылы жүзеге асырылады.

2016 жылғы 1 тоқсанда мемлекеттік органдарының атына мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты арыз-шағым түскен емес.