Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
2015 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының жұмысы туралы есептілігі
Басты Халыққа қызмет көрсету Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептілік 2015 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының жұмысы туралы есептілігі

Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйекте бекітілген қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 553  қаулысымен енгізілген өзгерістерге сәйкес, бекітілген тізілім бойынша мемлекеттік қызметтердің 160 түрі көрсетіледі.

Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2015 жылдың 12 айы бойынша барлығы  27615  мемлекеттік қызмет, оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, мемлекеттік органда 1641 мемлекеттік қызметтер көрсетілді,электронды түрде -31; қағаз түрде – 2865; ЭҮП арқылы қағаз түрінде көрсетуге болатын және (немесе ХҚКО)-23078.

Халыққа қызметтер келесі мемлекеттік мекемелермен көрсетіледі: «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ – 4 қызмет, «Шарбақты ауданының оқу бөлімі» ММ – 14 қызмет, «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ – 6 қызмет, «Шарбақты ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ – 3 қызмет, «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 18 қызмет, «Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 1 қызмет, «Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі» ММ – 3 қызмет,  «Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ – 1 қызмет, Шарбақты ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімімен (АХАТ) 24 қызмет көрсетіледі, оның ішінде бөлім арқылы – 5, ХҚКО арқылы – 19 қызмет ақылы негізде, басқа бөлімдерде  қызмет ақысыз негізде көрсетіледі. Сондай-ақ 13 ауыл және ауылдық округ әкімі аппараттарымен халыққа қызмет көрсетіледі.

         Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар басшыларымен мемлекеттік қызметтерді ұсыну мерзімдеріне бақылау жүргізіледі, әр мемлекеттік органда жауапты тұлға анықталған. Тоқсан сайын облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметті және ішкі аудитті дамыту бөліміне мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасына ішкі бақылау бойынша жұмыстар туралы есеп беріледі.

         Мемлекеттік қызмет көрсетулер мерзімін бұзудың әр фактісі қарастырылады және олар жөнінде бұдан кейін осындай бұзушылықты болдырмау бойынша шаралар жүргізіледі. 2015 жылы мемлекеттік қызмет мерзімін бұзылған 1 дерек бойынша  маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар хронологияға сәйкес емес қызмет алушылардан қабылданған өтініштерді қабылдау және тігу жөнінде талапты бұзғаны үшін 2 маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

         Қағаз түрінде, сондай-ақ «электронды үкімет» порталынан түскен мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініштер уақытында тіркеледі.

         Ай сайын аудан әкімінің аппаратында мемлекеттік мекеме басшыларының, ауыл және ауылдық округ әкімдері мен бас мамандардың қатысуымен құқықтық сабақ өткізіледі, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы мемлекеттік қызмет стандарттары және мемлекеттік қызмет регламентінің негізгі ережелері түсіндіріледі.

         Аудан әкімдігінің интернет-ресурсында мемлекеттік қызметті электронды түрде, ХҚКО, сондай-ақ мобильді ХҚКО арқылы алу мүмкіндігі туралы мақалалар орналастырылады, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы 5 рет дөңгелек үстел өткізілді.

Шарбақты ауданы әкімінің сайтында «Халыққа қызмет көрсету» бөлімінде электронды түрде мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі туралы ақпарат орналастырылған, Тоқсан сайын ХҚКО мобильді тобымен   жергілікті орындарға барып бекітілген кестеге сәйкес қызмет көрсетіледі. ХҚКО мобильді топтарының бекітілген жүріп-тұру кестесі бойынша ауылдық округ әкімдері  тұрғындарға ақпарат беруді қамтамасыз етеді.

ХҚКО қызметкерлерімен тоқсан сайын, барлық бөлім басшыларымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша дөңгелек үстел өткізіледі. Барлық мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттері ақпараттау стендтерінде, аудан әкімінің ресми сайтына, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған.

Қазақстан Республикасының  2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет туралы» № 88-V Заңының 21 бабына сәйкес қағаз түрінде, сондай-ақ «Электронды үкімет» порталынан түскен мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініштер дер кезінде тіркеледі.

 Одан басқа, мемлекеттік қызметті алушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында,  Шарбақты ауданы әкімдігінің ресми сайтында мемлекеттік қызмет стандарты мен регламенті тұрақты жаңартылады.

          Мемлекеттік –құқықтық

               бөлімінің басшысы                                              Ж. Кашкирова