22 Сентября
, 13:09
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының 2018 жылғы 1-жартыжылдықта мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі атқарған жұмысына түсіндірмехат
Басты Халыққа қызмет көрсету Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептілік Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының 2018 жылғы 1-жартыжылдықта мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі атқарған жұмысына түсіндірмехат

2018 жылы 1-ші жартыжылдықта «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсетудің 95 түрі бойынша 11677, оның ішінде мемлекеттік органы арқылы – 191, бірақ ЭҮП арқылы және (немесе) Мемлекеттік корпорациясы арқылы - 2038, электронды түрде қызмет берушінің ақпараттау жүйесі арқылы - 9448 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2018 жылғы 1-ші жатыжылдықта Шарбақты ауданы атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін және тәртіп бұзушылық болған емес.

2018 жылғы 1-ші жатыжылдықта мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңбұзушылықты сақтау жөнінде 6 бақылау шаралары өткізілді және 10 ұсыным жасалды, осы уақытта орындалуда.

1.Бақылау шараларының қорытындысы бойынша айқындалған заң бұзушылықтар туралы мәліметтер саны:

- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған деректер – жоқ;

- мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен бекітілген толық  құжаттар пакеті болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету деректері- 0;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында ескерілмеген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту деректері-0;

- бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандартында ескерілмеген, құжаттарды талап етілген деректер -0.

Негізсіз бас тарту -0.

  1. Пысықталған ұсыныстар туралы мәліметтер саны -2.

2018 жылғы 1-ші тоқсанда бақылау шараларының қорытындысы бойынша «Шарбақты ауданы жер қатынастары бөлімі» Мм бас маманы Қ.С.Омаровқа сөгіс,  соынмен қатар АХАЖ бөлімінің бас маманы –Н.Н.Степаненкоға ескерту түрінде тәртіптік шара қолданылды.

Ағымдағы жылы 28 наурызда «Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі – барлығына бірдей» өткізілді.

 Осы жәрмеңкеге «Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталығы»  Департаментінің Шарбақты аудандық бөлімі, сонымен қатар жер қатынастары, сәулет, ауыл шаруашылық, халықты әлеуметтік қорғау, Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік органдары соынмен қатар әділет басқармасы, шарбақты ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Орталық аудандық аурухана және Шарбақты ауданының ІІБ жәрмеңкеге қатысты.

         Осы шара барысында  мемлекеттік қызмет көрсетілді, қызығушылық білдірген мәселелер бойынша кеңес, сонымен қатар 12 электронды-цифрлы  қолтаңба берілді. Мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен  e-gov.kz электронды порталы арқылы өзіңе–өзің мемлекеттік қызметті қалай  алу үшін және Орталық аудандық аурухана қызметкерлерімен  «Damumed» ақпараттау жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін оқыту өткізілді.

         Бірінші тоқсанда «Маралды» және «Трибуна» газеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 4 мақала жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде  мамандар біліктілігін жоғарылатудан өткен емес.

         Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны барлығы -3, оның ішінде: 3-дәлелді , 0-дәлелсіз.

         1-ші жартыжылдықта 69 түсініктеме шаралары өткізілді (1190 адам қамтылды).  Әкімдік мамандары мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбы бойынша біліктілігін жоғарылату курсынан өткен емес.

         Тұрғындардың цифрлы сауаттылығын арттыру аясында «Электронды Үкімет» порталы бойынша  өзіне-өзі қызмет көрсету бойынша 16 бұрыш ресімделген. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына 1-ші жартыжылдықта 690 адам жүгінді, 250 адам электронды форматта мемелекеттік қызметті алды.

         Шарбақты ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында Қазақстан Республикасының заң бұзушылық деректері айқындалған жоқ.

         Шарбақты ауданы әкімдігіне мемлекеттік қызмет көрсету сапасына арыз-шағым түскен емес.

         Мемлекеттік қызметті әлеуетті тұтынушыларды хабардар етуді арттыру мақсатында, ауданның атқарушы органдарымен интернет-ресурсындағы ақпаратты жаңарту және жаңғырту жұмысы үнемі жүргізіледі.

         Шарбақты ауданы әкімдігінің ресми сайтында (Мемлекеттік қызметтер» бөліміне жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізбесі, мемлекеттік қызмет регламенті мен стандарты, мемлекеттік қызмет көрсету паспорттары және бизнес процесінің анықтамалары, атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмысы туралы есебі орналастырылады.

         Ағымдағы жылы 1-ші жартыжылдықта аудандық «Маралды» және «Трибуна» газеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша 7 мақала жарияланды.